freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағандыдағы анасы мен қызының өлімі: күдікті өлі табылды

Оқиға
Қарағандыдағы анасы мен қызының өлімі: күдікті өлі табылды
Фото: ІІМ

Қарағанды облысында әйел мен баланы өлтірді деген күдіктінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияның мәліметінше, Ақтоғай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің денесін анықтаған. Алдын ала деректер бойынша, ол өзіне тіркелген қарудан оқ атып, өз-өзіне қол жұмсаған.

Еске сала кетейік, ер адамның есімімен байланыстырылатын қайғылы оқиға 26 наурызда Қарағанды қаласында болған еді.

Крылов көшесіндегі пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның 12 жасар қызының мәйіті табылған болатын.

Бұған дейін полиция қаза тапқандардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екенін хабарлаған еді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Құқық қорғау органдары болған оқиғаның егжей-тегжейін анықтап, трагедияның толық көрінісін қалпына келтіріп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу