freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағандыда анасы мен қызының мәйіті табылды

Оқиға
Қарағандыда анасы мен қызының мәйіті табылды
Фото: ІІМ

Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіттері табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға 26 наурыз күні Крылов көшесіндегі тұрғын үйде болған. Пәтерден 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының денелері анықталған.

«Олардың денелерінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде», — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті болуы мүмкін адамның жеке басы анықталған. Қазіргі уақытта оны ұстау шаралары қабылданып жатыр.

Көршілердің айтуынша, күдікті — қаза тапқан әйелмен бірге тұрған ер адам.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу