freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Reuters: АҚШ Иран зымырандарының үштен бірін ғана жойды

Әлем
Reuters: АҚШ Иран зымырандарының үштен бірін ғана жойды
Фото: Ohad Zwigenberg/AP Photo/picture alliancе

АҚШ барлау мәліметтеріне сәйкес, Иранның зымыран арсеналының шамамен үштен бірі ғана жойылған, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Дереккөздердің айтуынша, тағы үштен бір бөлігінің жағдайы нақты белгісіз: олар жойылған, зақымданған немесе бомбалау салдарынан жерасты нысандарында қалып қоюы мүмкін. Сонымен қатар Ирандағы ұшқышсыз ұшу аппараттарының да үштен біріне жуығы жойылған.

Соған қарамастан, Тегеранда әлі де шабуыл жасауға жарамды зымыран қоры жеткілікті екені атап өтіледі. Сарапшылардың пікірінше, соғыс аяқталған жағдайда Иран зақымданған қарулардың бір бөлігін қалпына келтіре алады.

Reuters мәліметінше, АҚШ Ирандағы зымырандардың нақты саны туралы ақпаратты жариялаған жоқ. Ал Израиль әскері бұған дейін Иранда 2500-ге жуық баллистикалық зымыран болғанын мәлімдеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу