Әлихантанушы ғалым «Ақ жол» партиясына мүше болды

  • 16.09.2020
  • Malim Админ

Әлихантанушы ғалым Сұлтанхан ЖҮСІП «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшелігіне өтті. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

«Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясының отырысында мәжіліс депутаттары, партияның облыстық филиалдарының өкілдері Сұлтанхан Жүсіптің саяси ұйым қатарына кіруді бір ауыздан мақұлдаған.

«Шыны керек, бұл шешім оңай болған жоқ. Елге оралған 2013 жылдан бері 7 жыл өтті. Әйтсе де «Ақ жол» ДП-сына кіруіме бұл саяси ұйымның өзін қазіргі Қазақ елінің мызғымас іргетасын қалап, шекарасын белгілеп кеткен ХХ ғасыр басындағы «Алаш» партиясының мұрагері деп сөз жүзінде ғана емес, жетекшісі, «Алаш» қайраткері Перуаш Кәрімұлының немересі Азат Перуашев бастаған партияның «Алаш» идеясын, қозғалысын, партиясын, атаулас Ұлттық Жерлі Автономиясын және «Алаш» қайраткерлерін тиянақты іс-әрекетімен, қазақша-орысша мақала-жарияланымдарымен, ұлттық, халықаралық ғылыми байқауларымен, ғылыми конференцияларымен мүмкіндігінше шар тарапқа насихаттап келе жатқан игі ісі түрткі болды. Бүгін «Алаш» тақырыбын «Ақ жол»-дан артық насихаттаған партия бар ма!?!. Ал исі қазаққа «Алаш»-тан асқан идея табыла ма!?!», - деп жазды ғалым фейсбектегі желісінде.

Жүсіп АҚҚҰЛҰЛЫ - әлихантанушы-ғалым, халықаралық журналист. 1962 жылы Түркістан қаласында туған. 1990 жылы әл-Фараби атындағы КазМУ -дың филология факультетін бітірген.  Ауғанстанда әскери борышын өтеген.  Алматыда өрт сөндіру қызметінде, Политехникалық институттың зертханасында, Ақтауда кәсіптік-техникалық училищеде жұмыс істеген. 1990-1995 жылдары ҚР ҰҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, 1995-1996 жылдары Өнер академиясында кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, 1995 жылдан Прагадағы «Азаттық» радиосының тілшісі. 1997-2001 жылдары осы радионың Нұр-Сұлтандағы  тілшілер қосынының басшысы, 2001 жылдан Прагадағы қызметкері. 1991- 1994 жылдары ол Ресей мұрағаттарынан Ә.Бөкейханға қатысты мол мұра тапты. 1995 жылы зерттеутті Ә.Бөкейханның «Таңдамалысын» құрастырып, бастыртты. Баспасөзде қазақ және орыс тілдерінде зерттеулер жазды. Осы жылы Алаш  көшбасшысының шығармашылығы мен қайраткерлік еңбегі бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми жұмысының толық мәтіні «Жұлдыз» журналында 1996 жылы жарияланды.

Байланысты жаналықтар

Бір күнде 1486 адамнан вирус табылды

28.06.2020

Тағы бір әйел әкім болды

26.10.2020

Мамин орындалмас уәдесін берді

27.10.2020

Жемқорлықтың шегі жоқ, ал жаза қайда?

07.02.2020

Белгісіз пневмония COVID-19-дан да қауіпті ме?

10.07.2020

Жалпыреспубликалық бірыңғай педагогикалық кеңестер өтіп жатыр

19.08.2020