Министр мен депутат: қайсысының сөзі шын?

Malim Админ

  • 16.09.2020

Коммунистік Халықтық партиясы орталық комитетінің хатшысы, депутат Айқын Қоңыровтың айтуынша, елдегі жұмыссыздық 46 пайызға жеткен.

"Ресми мәлімет бойынша, карантин кезінде жұмыспен қамту аймағынан 4 миллион 200 мың адам шығып қалды. Шын мәнінде, жұмыссыздық 46 пайызға жетті. Бұл ел тарихында бұрын-соңды болмаған деңгей. Қазіргі дағдарыс тек санитарлық-эпидемиологилық қана емес, сонымен бірге еңбек нарығындағы төтенше жағдай сипатына ие", - дейді коммунистер Мәминге жолдаған депутаттық сауалында.

Алайда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің болжамы басқа. 18 тамыз күнгі үкімет отырысында Біржан Нұрымбетов пандемия кезінде елдегі жұмыссыздық 8 есе өскенін, есесіне жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру 11 есе өскенін мәлімдеген. Министрдің айтуынша, жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар 1,2 миллион адамды жұмыспен қамти алады.Жеті айдың ішінде 330 мың адам жұмыс тапқан. Ал үкімет жетекшісі Асқар Мәмин жұмыспен қамту шаралары 743 мың адамды қамтығанын айтқан.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі еңбек нарығындағы ахуал жыл соңына дейін тұрақтылып, жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайызға жетеді деп болжайды. Наурыз айындағы мәлімет бойынша, елдегі жұмыссыздық 4,8 пайызға жеткен немесе 442 900 адам жұмыссыздар қатарында болған. Нұрымбетов жыл соңына дейін жұмыссыздар саны 562 852-ге жетеді деп отыр. 18 тамыздағы мәлімет бойынша,  2 млн 570 мың адам 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы алды. Яғни індет кезінде 2,5 млн адамның жұмысы уақытша тоқтаған. Сонда коммунистер 4,2 миллион жұмыссызды қайдан алды?

 

Байланысты жаналықтар

Министр ақылы демалыс беру тәртібі қалай іске асатынын түсіндірді

16.03.2020

Қазақстан коммунистері ұлтшылдардан қауіптенеді

11.08.2020

«42 500 алуға қайтыс болғандар да өтініш беріп жатыр»

13.04.2020

Біз ешқашан 42500 теңге жетеді деп айтпадық

14.07.2020

Он жылға сотталған Т.Нұрымбетов сотқа шағым түсірді

04.10.2021

Министр: Бұл жолы бірыңғай әлеуметтік төлем төленбейді

14.07.2020
MalimBlocks
Министр ақылы демалыс беру тәртібі қалай іске асатынын түсіндірді

Қазақстан коммунистері ұлтшылдардан қауіптенеді

«42 500 алуға қайтыс болғандар да өтініш беріп жатыр»

Біз ешқашан 42500 теңге жетеді деп айтпадық

Он жылға сотталған Т.Нұрымбетов сотқа шағым түсірді

Министр: Бұл жолы бірыңғай әлеуметтік төлем төленбейді