457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Путин Трампқа: Ресей көздеген мақсатына жетпей қоймайды

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Malim.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Әңгіме шамамен бір сағатқа созылғанын Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков хабарлады. Оның айтуынша, Путин Трампқа Ресей Украинадағы көздеген мақсаттарынан бас тартпайтынын айтқан.

Осылайша бұл – Трамп биыл қаңтарда қайтадан қызметіне кіріскелі бері екі ел басшыларының алтыншы рет тілдесуі.

«Біздің президент Ресей алдына қойған мақсаттарға қол жеткізетіні туралы айтты. Яғни қазіргі текетіреске алып келген баршаға белгілі бастапқы себептерді жою қажет екенін мәлімдеді. Бұл мақсаттардан Ресей бас тартпайды», – деді келтірді Ушаковтың сөзін ТАСС агенттігі.

Сонымен қатар, Ушаковтың айтуынша, Путин Ресейдің Украинамен келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін білдірген. Ал Трамп әскери қақтығыстарды тезірек тоқтату мәселесін тағы көтерген.

Президенттердің Украина мен Ресей арасындағы үшінші келіссөз кезеңін өткізу мәселесін талқыламағаны да айтылды.

Бұған дейін Путин мұндай кездесу Стамбулда өтуі мүмкін екенін айтып, тараптар уақыт пен орынды келісіп жатқанын мәлімдеген еді.

«Үшінші раундтың нақты мазмұны талқыланған жоқ», – деді Ушаков.

Сондай-ақ, Ушаковтың айтуынша, Трамп әңгіме басында Конгрессте өзінің әкімшілігі ұсынған салық, көші-қон және энергетика салаларындағы реформа туралы негізгі заң жобасының сәтті қабылданғанын хабарлаған.

Фото: REUTERS/GETTY IMAGES