Студенттерге 42500 теңге төлене ме?
Орталық коммуникациялар қызметінде Біржан Нұрымбетов журналистердің сұрақтарына жауап беріп жатыр.
Астана каналының журналисі: Студенттерге 42500 теңге төлене ме?
Бұл төлемде студент деген категория жоқ. Студентке студент болғаны үшін 42500 теңге төленбейді. Бізге өткенде тиісті органдар студенттерге заңсыз 42500 теңге төленді деді. Студенттер заң бойынша экономикалық белсенді халыққа жатпайды. Балалармен, қарттармен, мүгедектермен бірге белсенді топқа кірмейді. Жұмыспен қамту заңнамасы бойынша оларды жұмыссыз деп тіркеуге болмайды. Медициналық жарнаны оларға мемлекет төлейді. Сондықтан осы жолы сол ескертуді қабылдайтын шығармыз.
Егер студент өзін өзі қамтамыз етіп жүрген болса, оны қараймыз.
Азаттық радиосының журналисі: Вице-премьер Ералы Тоғжанов: "42500 теңге төтенше жағдай кезінде ғана төленеді" деген. Қазір төтенше жағдай емес, неге төленіп отыр?
Өткенде бұл төлемге құқықтық негіз болған. Бұл жолы ондай құқықтық негіз болмаса да, саяси шешім қабылдады президентіміз. Бұл халықтың жағдайы. Құқықтық негіз болмаса, президенттің шешімімен төлеуге болады деген норма бар. Біз осы мүмкіндікті пайдаланып отырмыз.