Нұрымбетов 42500 теңгені кімдер алмайтынын айтты
Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ «42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау ережесі туралы» онлайн-брифинг өткізіп жатыр. Онда министр бұл төлемнің жалпы ережесін, соның ішінде 42500 теңгені кімдер алмайтынын айтты.
«Ертеңнен бастап, 42500 теңгеге өтініш қабылдайтын порталдар жұмыс істейді. Өткенде айтқан Каспий банк пен Халық банк порталдары әлі дайын емес. Дайын болғанда айтамыз. Өтінішті бір рет қана берсеңіздер. Сосын әр порталға өтініш берудің қажеті жоқ. Бір порталға ғана берсеңіздер жетеді.
Бәрібір екінші өтінішіңіз өтпейді. Бірақ ол портал жұмысына кедері болады. Өткен жолы 18 миллион өтініш беріліп, порталдарға күш түскен еді. Бір рет берсеңіз, порталдан өтінішіңіз қабылданған-қабылданбағанын көре аласыздар.
Бұл жолы уақыт жағына шектеу қойған жоқпыз. Бұл тағайындау шілде айына, бірақ қыркүйекке дейін қабылдай береміз.
Бүгінгі шектеулер ТЖ-ға қарағанда жеңілдеу. Әр өңірде санитарлық шектеулер әртүрлі. Көп аймақта өндірістер шектеумен болса да жұмыс істеп жатыр. Дегенмен Цифрлау министрлігімен бірігіп, жағдайы өзгермеген кісілерге хабарлама жіберіп жатырмыз. Егер «иә» деп бірді басып жауап берсеңіз, сіздерге проактивті тағайындау жасаймыз. Жіберген смс-ті растасаңыз, ертең порталда өтініш берудің қажеті жоқ. Сізге ақша түседі.
42500 теңгені кімдер алмайды? Мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы, жәрдемақы, мемлекеттік сақтандыру қорынан тиісті төлемдер алып жүрген адамдар 42500 теңге алмайды. Оны дұрыс түсініңіздер. Олар бейресми жұмыс істеп жүргендердің қатарына кірмейді. Егер ресми жұмыс істесе, ол үшін жұмыс беруші өтініш береді. Ал егер жеке кәсіппен айналысса, жеке кәсіпкер ретінде беруге болады.
Екіншісі ТЖ кезінде Бірыңғай жиынтық төлемді төлеген миллионнан астам адам болған. Бірінші рет өзінің бейресми жұмыс істегенін растаған. Сол кісілермен жұмыс істедік. 70 мыңға жуық адамға жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жұмыс тауып бердік. Олар әрине сол бойынша жұмыс істеп жатса, 42500 теңге ала алмайды.
Студенттер мен декретте жүрген әйелдерге қатысты. Суденттерге студент болғаны үшін төленбейді. Бірақ жұмыс істеп, ақысыз демалысқа кеткен болса, ол үшін жалдаушы өтініш береді. Жеке кәсіпкер болып, жұмысы тоқтап қалғаны үшін ала алады. Бірақ жұмыс істемесе, өткенде бір рет қана БЖТ төлеген, біррет қана 42500 алған студенттер бұл жолы алмайды.
Декретте жүрген әйелдер бала бір жасқа толғанша мемлекеттен ақша алып отыр. Сол үшін 425000-ден үміт ете алмайды.