Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Басты

Қазақстанда тағы бір банк лицензиясынан айрылды

Бұл Қазақстанның банк секторына қаншалықты әсер етеді?

malim Авторы: malim
18.09.2020
Банктің Алматыдағы жаңа филиалының ашылған сәті. 29.02.2019ж. Фото: tengribank.kz

Банктің Алматыдағы жаңа филиалының ашылған сәті. 29.02.2019ж. Фото: tengribank.kz

Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандық тағы бір банк – Tengri Bank лицензиясынан айырылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше Tengri Bank бұдан былай банктік және өзге операцияларды жүзеге асыра алмайды. Оған бірнеше мәселе:

«Пруденциялық нормативтерді бұзу түрінде көрінген Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзуы;

агенттік қолданған қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамауы;

агенттіктің банктің меншікті капиталын ұлғайту мақсатында қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қабылдау туралы талаптарын Банктің банк холдингінің орындамауы» себеп болған.

Агенттіктің айтуынша, аталмыш банктің лицензиясын тоқтату қазақстандық «банк жүйесі үшін тұтастай алғанда тәуекелдерге алып келмейді». Өйткені, Tengri Bank-тің активтері мен міндеттемелерінің Қазақстанның банк секторындағы үлесі төмен. Агенттік ұсынған мәліметке сүйенсек, Қазақстан банк секторындағы бұл банктің активтері мен міндеттемелері 0,3 пайызды құраған.

Tags: Банк секторылицензияТенгри банк

Ұқсас жазбалар

“Аузына май”: Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелінің байлығы

Авторы: malim
05.03.2021
0

Әлеуметтік желіде бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының байлығы туралы белгісіз біреулер жасаған видео тарап, онда экс-министрдің отбасы қымбат...

Қытай Қазақстан аумағына зауыт салатын болды

Авторы: malim
04.03.2021
0

Қытай Қазақстан аумағына жалпы құны 24,5 миллиард доллар болатын 56 кәсіпорын салмақ. ҚР Сауда және индустрия министрлігінің ресми сайтында жарияланған...

Көлгіновтің кабинетіне барған аналарды полиция алып кетті

Авторы: malim
02.03.2021
0

Алтай Көлгіновтың кабинетіне барған төрт ананы полиция алып кетті. Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінде тоғыз күннен бері түнеп жатқан төрт ананы полиция...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Сарапшылар сайлау қашан өтетінін айтты

19.10.2020

Қайрымды ауылдың азаматымен әңгіме

17.09.2020
Бейсен Құранбек

Дүниеден дүркіреп Бейсен Құранбек өтті

18.05.2020

“Мен дым ұқпадым, мына Ақберен не демекші…” деп сұрап алсаңыз…

03.11.2020

“Бір жарым миллион ақшасыз қазақ нан-тұзсыз қалуы мүмкін”

28.03.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!