Алматыда «шетте қалған» студенттер наразылыққа шықты

Бүгін Алматыдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің (ШТІКУ) студенттері мен олардың ата-аналары оқу орны алдында наразылық акцияларын өткізді. Оларға жабылып қалған университеттің басшылары қолдау көрсетпеді.

Ақниет Аманжолқызы

  • 26.11.2021

ШТІКУ-дің лицензиясынан айырылғаны туралы ақпарат жазда тараған. Алайда оқу орнының басшылығы «сот процессі жүріп жатыр, әлі ешнәрсе толық шешілген жоқ» деп студенттерді оқытуын жалғастырған. Және 1-курсқа студенттер қабылдаған. Алайда 24 қазан күні университет лицензиясынан айырылып, бұл ақпаратты студенттерге бір ай өткеннен кейін хабарлаған. Бірқатар мамандық студенттері оқу жылының ортасында өздерін ешбір университет қабылдамауы мүмкін екенін білген.

 «Бұл университет 24 қазан күні жабылған екен. Алайда оның жабылғаны туралы біз кеше яғни, 25 қараша күні ғана білдік. Менің қызым осы университеттің екі шет тілі мамандығында 4-курс оқиды. Семестрдің соңына тақалған кезде университетті неге жабады? Енді оқудың ортасына келгенде бізді қай университет қабылдайды? Бұл әлі шешілмеген. Жабылғанына бір ай болса де басқа университеттермен келіссөздер жүргізілмеген», - деді 4-курс студенті Ақбота Оңғарованың анасы.

Студенттердің сөзінше, олар келісімшарт бойынша университетке осы кезге дейінгі ақшаны толық, тіпті бір айға артығымен төлеген. Ал оқу ақысын төлемеген студенттерге ақша төленбеген жағдайда құжаттарыңды бермейміз деп айтқан.

«Университеттегілердің өздері де айтып отыр, «біз екі күн ішінде не істей аламыз?» деп. Басқа оқу орнына ауысуға өтініш жазып бердік. Абай атындағы ҚазҰПУ қабылдаймыз деп отыр. Бірақ әр студент жеке-жеке барып, бұл мәселені шеше алмаймыз ғой. Екі университет арасында өзара келісімшарт болу керек екен. Менің білім министрінен сұрайтыным бізді осы төлеп жүрген қаржымен басқа университетке қабылдаса екен. 4-курстарды осы аптада, тіпті бүгін қабылдауы керек. Біз өндірістік тәжірибені аяқтап, диплом жұмысын жазып, оны қорғап үлгермейміз», - деді 4-курс студенті Аяулым Жағанбай.

Айта кетейік, университет тек бірнеше мамандықтар бойынша келісім жасай алмаған. Студенттер өздері оқитын мамандықта адам саны көп болғандықтан, басқа университтер оларды қабылдауға қиналатынын айтады. Мысалы, екі шет тілі мамандығында шамамен 120 студент оқиды. Оның 10 пайызы ғана мемлекеттік грантта оқиды. Басқа университеттер оқу жылының ортасында мұнша көп адамды қабылдай алмайтындарын айтқан.

Студенттер университеттің ресми жабылғанын естіген күннен бастап, басқа оқу орындарына барып, өз құжаттарын көрсеткен. Әр оқу орны өзіндік талап қойған. Мәселен, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 4-курсқа студент қабылдамайды. Олар ШТІКУдің 4-курс студенттерін тек 3-курстың екінші семестріне қабылдай алатындарын айтқан.

«Қыздар университетіндегілер «Сендердің университеттерің тамызда жабылып қалған. Сендер 4-курсты оқыған жоқсыңдар. Қыркүйек айынан бері біраз студенттерің бізге ауысып алды. Неге осы кезге дейін жабық университетте оқып жүрсіңдер? Базада жоқсыңдар» дейді. Және сабақтарда өзгешеліктер болғандықтан 3-курстың 2-семестрінен бастап қабылдауы мүмкін екенін айтқан. Яғни, жаңа жылдан бастап, 4-крус оқып жүрген студенттерді 3-курс қылып қабылдай алады. ШТІКУ-дің ректоры Қыздар университетіне келісімшарт жіберген. Онда оқу ақысы өзгермесе деген өтініш бар. Ол әлі қарастырылып жатыр. Бірақ Қыздар университетінде ең төмен баға 500 мың екен. Біз 370 мың төлеп келгенбіз. Енді сұрақ сонда студенттердің 3-курстың жартысына және 4-курстың екі айына төлеген ақшасы қайда қалады? Оқыған бір жылы не болады? Біз университеттен ешқандай нақты ақпарат ала алмай отырмыз», - деді 4-курс студентінің әпкесі Сабина.

Студенттердің көпшілігі университетке үш айдың ақшасын төлеп қойған. Төлемегендерге құжаттарын да әлі бермеген. Соңғы үш айдың ақшасын төлеп, құжаттарыңды алып кете беріңдер деген. Алайда студенттердің қайда баратыны да белгісіз.

Оқу орнының алдына жиналған тағы бір топ өкілдері университеттің білім бері лизенциясы неліктен алынғанын түсінбейді. Олардың сөзінше, лицензиядан айыру шарасы тек оқу ақысы төмен университеттерке қолданылған.

«Мен ШТІКУ-де экономика мамандығында оқығанмын. Бізді қазір АТУ қабылдаймыз деп айтты. Университет басшылығы келісіпті. Алайда маған түсініксіз жайттар бар. Бұл университет (ШТІКУ) жағдайы төмен отбасынан шыққа студенттерге жоғары білім алуға мүмкіндік беретін санаулы оқу орындарының бірі. Менің мамандығым бойынша басқа университеттерде 800 мың төлеу керек. Ал мұнда мен 350 мың төлеймін. 800 мыңды кез келген отбасы төлей алмайды. Бұл біз секілді қарапайым халыққа жаны ашып, көп жеңілдік жасайтын оқу орны еді. Оқу процесі де, мұғалімдер де бәрі жақсы болатын», - деді 4-курс студенті Әмір.

Оқу орнының өкілдері жиналғандармен кездесуге шықпады. Университет территориясына журналистердің кіруіне мүмкіндік бермеді. Студенттер мен олардың ата-аналары істі шешу үшін және университеттердің линцезиядан айырылу себебін білу үшін еститін мемлекеттің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жазатындарын айтып, тарқасты.

Байланысты жаналықтар

Грузиядағы парламент сайлауында билік партиясы жеңіске жетті

27.10.2024

Қырғыз жанкүйерлері көкпар нәтижесіне наразылық білдіріп жатыр

12.09.2024

Астанада 5 құрылыс компаниясы лицензиядан айрылды

27.08.2024

Биыл 27 студенттер жатақханасы қолданысқа беріледі

21.08.2024

Венесуэлада халық президенттік сайлау нәтижелеріне қарсылық білдіріп жатыр

30.07.2024

«Көре алмаушылық»: Азамат Сатыбалды өзіне наразы болғандарға жауап берді

17.07.2024
MalimBlocks
Грузиядағы парламент сайлауында билік партиясы жеңіске жетті

Оппозициялық партиялар наразылық ұйымдастырмақ

Қырғыз жанкүйерлері көкпар нәтижесіне наразылық білдіріп жатыр

Бәсеке кезінде көкпаршылар арасында дау туындап, бір-біріне қамшы сілтеген болатын

Астанада 5 құрылыс компаниясы лицензиядан айрылды

Қала әкімдігі жүргізген тексеруде 426 олқылық анықталған

Биыл 27 студенттер жатақханасы қолданысқа беріледі

Бүгінде 4650 орындық 17 жатақхана іске қосылған

Венесуэлада халық президенттік сайлау нәтижелеріне қарсылық білдіріп жатыр

Наразылық білдірушілер жолдың ортасына құрылыс қалдықтарын шашып, өртеп жатыр. 

«Көре алмаушылық»: Азамат Сатыбалды өзіне наразы болғандарға жауап берді

Күні кеше «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірген еді