«Қазгидромет» мәліметінше, 3 қараша күні еліміздің 14 облысы мен екі қаласында тұман, көктайғақ, қатты жел және боран күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.
Абай, Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы күрт нашарлайды. Кей аймақтарда жел екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді, ал Солтүстік Қазақстанда түнде -10…-12° дейін суытады.
Синоптиктердің болжамынша, боран мен көктайғақ көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жолдағы жағдайды қиындатуы мүмкін. Сонымен қатар, кей өңірлерде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.
Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарға ауа райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпауға, жылы киініп, қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. Шұғыл жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.