АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкцияларына жауап ретінде түрік мұнай өңдеу зауыттары ресейлік мұнайдың орнына Ирак пен Қазақстаннан шикізат сатып алуға жиі көшті, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Reuters мәліметінше, Түркияның ірі мұнай өңдеу кәсіпорындарының бірі — Әзірбайжандық SOCAR компаниясына тиесілі SOCAR Turkey Aegean Refinery — желтоқсанда жеткізілетін Ирак, Қазақстан және басқа да Ресейден тыс өндірушілерден төрт партия шикі мұнай сатып алған.
Тағы бір ірі түрік өңдеуші — Tupras компаниясы да Ресейден тыс мұнай сатып алуды ұлғайтқан, оның ішінде ресейлік Urals маркасына ұқсас Ирак мұнайы бар. Дереккөздердің айтуынша, екі ірі зауыты бар Tupras жақында сол зауыттардың бірінде ресейлік мұнай импортынан толық бас тартуы мүмкін.
Бұдан бөлек, бұл компания алғаш рет Бразилиядан мұнай сатып алып, қараша айының басында Анголадан Mostarda маркалы мұнайдың екінші партиясын күтуде.