Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан бұрынғы күйеуі, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысты желіде тараған бейнежазба туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде "Мен Тұрсынбек Қабатовтың тоқалымын, маған қысым көрсетіп жатыр" деген видео кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына түскен болатын. Алайда Мөлдір Мұқан бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
"Ақпараттық таратқан қыз ол емес. Сол кездерде маған жазған екен. Мен жауап қайтармадым. "Мен сізді бар болмысыммен жақсы көремін. Әзіл түрінде шығарғна видеом еді. Былай тарап кетеді деп ойламап едім" деп жазыпты. Ол қыздың Тұрсынбекке еш қатысы жоқ. Енді жас қой. Қателесіп кеткен болар. Ол шығарған қыздың әрекетіне ренжімеймін. Қазір әлеуметтік желіде қалай танылып кетсем, қалай жұлдыз боп кетсем деп әрекеттенеді ғой. Одан бетер дүниелер жетеді ғой әлеуметтік желіде. Әлеуметтік желіні ұстай алмайсың қазір", – деді Мөлдір Мұқан.