Белгілі коуч Роза Әшірбаева Мөлдір Мұқанованың сұхбатына байланысты өз пікірін білдіріп, Тұрсынбек Қабатовты жақтап жатқандарға ашық түрде шүйлікті, деп Malim.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, кей адамдар әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен актриса Дариға Бадықованы салыстырып, орынсыз пікір айтып жүр. Роза Әшірбаева мұндай салыстыруға қарсы шықты.
"Мөлдірмен 0-ден көтеріліп, алғашқы тапқан ірі ақшасына көңілдесін Дубайға апарған Тұрсынбек пен бірнеше жыл ақша таппайтын, диванда жатқан еркекті қажылыққа жіберіп, көлік алып беріп, ортада балалары болмаса да үйді беріп кеткен Дариғаны салыстырмаңдар. Дариға 14 жыл күйеуінің миын шірітіп, 5 бала тапқызып, бір кетіп, бір келіп жүрген жоқ", – деді Роза Әшірбаева.