Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда арнайы білім беру мамандарының 80 сағаттық оқыту курсы басталды

Қоғам
Маңғыстауда арнайы білім беру мамандарының 80 сағаттық оқыту курсы басталды
Фото: Маңғыстау облысы білім басқармасы

​«Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысы негізінде аймақтағы арнайы білім беру ұйымдарындағы кадрлардың біліктілігін арттыру бағытында «InBilim» әлеуметтік жобасын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Аталған жоба аясында бүгінде «Оқушыммен жеткен нәтижем» атты ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізетін мамандардың арасында бейнероликтер байқауына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр.

​Бұған қоса, қазіргі таңда Маңғыстау облысының арнайы білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін 150 маманның кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Ерекше білім беру қажет ететін балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру» тақырыбында онлайн оқыту ұйымдастырылып жатыр. 80 сағаттық оқыу курсын ұйымдастырушы – «EDU Master» педагогикалық шеберлік орталығы.

​Айта кетейік, аталған оқытудан өткен мамандарға аттестациядан өтуге жарамды және «Ұстаз» платформасында тіркелген арнайы сертификаттар берілетін болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу