Астанада 5 құрылыс компаниясы лицензиядан айрылды

Қала әкімдігі жүргізген тексеруде 426 олқылық анықталған

Арман Қайыпхан

  • 27.08.2024

2024 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер барысында Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 426 олқылықты анықтап, оларды жоюға 192 ұйғарым берген, деп хабарлайды Malim.kz.

Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен сапасыз құрылыс-монтаж жұмыстарын орындағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып, жобалық құжаттамадан ауытқығаны үшін 5 компания құрылыс лицензияларынан айрылған. Олар:

- «Пром Строй Гарант Кз» ЖШС ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде көпірлердің, көлік эстакадаларының, тоннельдер мен жол өтпелерінің, нысандарды күрделі жөндеуді және реконструкциялауды қамтитын өзге де жасанды құрылыстардың тірек және қоршау конструкцияларын салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға II санаттағы лицензиядан айырылды;

- «Granite» ЖШС ғимараттар мен құрылыстардың тірек және қоршау конструкцияларын күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, тұрғызуды, топырақтағы арнайы жұмыстарды қамтитын инженерлік желілер мен жүйелердің кіші түрлері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға ІІ санаттағы лицензиядан айырылды.

- «Ғимараттар мен құрылыстар құрылысы» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензиядан айырылды;

- «Sheberbuild» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 2023 жылғы 18 қазандағы №23022845 лицензиясынан айырылды;

- «Астана-Көктем С» ЖШС 2022 жылғы 25 қарашадағы №0000360 ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде көпірлердің, көлік эстакадаларының, тоннельдер мен жол өтпелерінің, нысандарды күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның ішінде шатыр жабындарын қоса алғанда, тірек және қоршау конструкцияларын тұрғызудың, монолитті орнату, сондай-ақ құрама бетон және темірбетон конструкцияларын монтаждау, қабырғалар мен бөлімдердің дана элементтерін қалау және ойықтарды толтыру, топырақтағы арнайы жұмыстар, оның ішінде негіздерді салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға лицензиясынан айырылды.

Фото: pexels.com

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.