Олигарх Шодиевтің інісі лицензиясынан айырылды
Қаржы нарығын дамыту және бақылау агенттігі «Азия Кредит Банкін» лицензиясынан айырды.
«ҚНДЖБ №22 жарлығы бойынша, 2021 жылдың 11 ақпанынан бастап «Азия Кредит Банкін» құнды қағаздар, банк және өзге де операцияарды жасау лицензиясынан айыру шешімі шығарылды», - делінген агенттік жариялаған мәлімдемеде.
Лицензиясынан айырылған сәтте Банк активтері 45, 4 млрд теңге болған. Несие портфелі – 45,0 млрд теңге, оның ішінде 31,6 млрд теңге немесе банктің несие портфелінің 70,0%-ы 90 күн мерзімі өткен жұмыс істемейтін кредиттер. Лицензиядан айырылған күні «Азия Кредит Банк» өтімді активтерінің мөлшері 75 млн теңгені құраған. Орындалмаған клиенттік төлемдердің мөлшері 8,0 млрд теңгеден асқан.
2019 жылдың 24 шілдесінен бастап «Азия Кредит Банктің» жалғыз акционері миллионер Орифджон Шадиев. Оған дейін банк Нұрлан Сұлтанның иелігінде болған. Дәл осы жылдың тамызында «Азия Кредит Банк», "Капитал Банк" және «Тенгри Банкты» біріктіру процесі басталған. Бұған дейін Шадиев «Капитал Банктің» жалғыз акционері болған.
48 жастағы Орифджон Шадиев миллиардер Патох Шодиевтің інісі. Ол «Forbes» журналының 2019 жылғы рейтингінде Қазақстанның ең бай (ықпалды) 50 адамының қатарына кірген. Оның «Оne g Top», «PRIME System KZ» және «Integra Construction KZ» компанияларында үлесі бар. Бұдан бөлек, Шадиев «Integra Construction KZ» арқылы италиялық «Todini Costruzioni Generali» құрылыс компаниясына иелік етеді.