СҚО-да 681 млн теңгеге заңсыз криптосауда жасағандарға жаза кесілді

Одан бөлек, 400 млн теңгенің мүлкі тәркіленген

Мәди Саматұлы

  • 20.01.2025

ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті цифрлық активтерді заңсыз айналымға шығару дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттік мәлімдеуінше, үш азамат тиісті лицензиясыз криптовалюта қабылдау және айырбастау операцияларын жүргізген. Олар криптовалюта биржаларынан алынған қаражатты пайдаланып, криптоәмиян арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен айырбас операцияларын жүзеге асырған. Ел аумағында қызметі тыйым салынған криптобиржалар арқылы жасалған бұл операциялар заңсыз.

Заңсыз айырбас операциялары нәтижесінде схеманы ұйымдастырушылар цифрлық активтерді ұлттық валютаға айырбастаған. Жалпы айналым көлемі 681 млн теңгеден астам. 380 адам осы үш азаматпен криптовалюта бойынша транзакциялар жасағаны анықталды, бұл іс-әрекет банктік шоттардан алынған үзінділермен расталды, деп жазылған агенттік мәлімдемесінде.

Сот үш күдіктіге қатысты шешім қабылдап, оларды 2,5 жылдан 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, мүліктерін тәркілеуге шешім қабылдаған.

Құны шамамен 400 млн теңгені құрайтын мүлік тәркіленіп, оның ішінде 10 млн теңге көлемінде активтер, 150 млн теңге бағасындағы жылжымайтын мүлік, жалпы құны 213 млн теңге болатын 5 көлік, 12 млн теңге тұратын квадроцикл және қымбат компьютерлік жабдықтар бар.

Мұндай құрылымдар өз клиенттерін сәйкестендірмейді және күдікті операцияларды анықтамайды. Сондықтан, олардың қызметтерін көбіне кибералаяқтар мен есірткі заттарын өткізушілер пайдаланады, деп жазылған агенттік хабарламасында.

Мысалы, осындай схемалар арқылы былтыр 10 миллиард теңгеге есірткі табыстары шығарылған.

Айта кетейік, «Цифрлық активтер туралы» заңға сәйкес елдегі цифрлық активтердің айналымына қатысты кез келген қызмет лицензияны қажет етеді.

Фото: freepik.com

Байланысты жаналықтар

Тағы бір микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

07.04.2025

СҚО-да ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай жүр

05.04.2025

Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

02.04.2025

"Харам". Криптовалюта шариғатқа сай ма

31.03.2025

Петропавлда құрылысшы 20 метр биіктіктен құлады

12.03.2025

«Криптовалюталық әмияны 100 млн теңгеден асады». Алматы облысында дропперлер тобы әшкереленді

27.01.2025
MalimBlocks
Тағы бір микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

СҚО-да ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай жүр

Солтүстік Қазақстан облысында ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай сенделіп жүр. Бұған себеп - өңірдегі мектеп тапшылығы. Мәселен, Белое ауылының оқушылары ана тілін үйрену үшін қалаға қатынауға мәжбүр

Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

"Харам". Криптовалюта шариғатқа сай ма

Петропавлда құрылысшы 20 метр биіктіктен құлады

Сотқа дейінгі тергеу басталды

«Криптовалюталық әмияны 100 млн теңгеден асады». Алматы облысында дропперлер тобы әшкереленді

Әбірі бірнеше банк шотын пайдаланып отырған