Әбішев 500 миллион жымқырды деген күдікке ілікті

Malim Админ

  • 21.09.2020

Бұрынғы вице-министр Олжас ӘБІШЕВ 500 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілікті. Бұл туралы қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат ЕЛАМАНОВ мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев ақпараттық жүйеге орнату үшін бөлінген  500 млн теңгені мақсатсыз жұмсады деген күдікке ілікті. Соттың санциясына орай қамауға алынған. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр», - деді Жанат Еламанов.

Естеріңізге сала кетейік, Олжас Әбішев 2020 жылдың тамыз айында ұсталған еді. 2018 жылы вице-министр болып тағайындалған. Денсаулық сақтау министрлігінде цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселері бойынша жауапты болған еді.

Тергеушілердің айтуынша, ақпараттық жүйе орнату бойынша жасалмаған жұмыстың  актісіне қол қойып, толық төлеп жасаған. Қазіргі күні экс-шенеунік қабылдаған жұмыстың мүлдем істемей тұрғаны анықталған. Осылай ел бюджетіне шығын әкелген. Әбішевке қозғалған қылмыстық іс аясында осы ведомствадағы бюджет қаржысын орынсыз жұмсау фактілері бойынша да тексерулері жүріп жатыр. Қылымыстық-процессуалды заңға сәйкес кейбір ақпараттарды бере алмаймыз», - деді Еламанов мырза.  

Фото: toppress.kz 

Байланысты жаналықтар

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

25.04.2024

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024
MalimBlocks
Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

Заңға қол қойған АҚШ президентінің сөзінше, Украинаға арналған көмек бірнеше сағатта межелі жеріне жөнелтіле бастайды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.