Құс тұмауы Қарағандыға жетті

  • 23.09.2020
  • Malim Админ

Соңғы үш күнде Қарағанды облысының Нұра ауданындағы Ізенді, Тассуат ауылдарында да құстар қырыла бастады. Бұның нақты себептерін білу үшін сынамалар алынды.

«Тұрғындарға айтарым, құс еті мен жұмыртқаларын алудан қорықпаңыздар. Барлық өнімдер ветеринарлық профилактикалық тексерістен өтті. Аймақтағы жағдай тұрақты. Күнде құс фабрикаларында дәрігерлер тынымсыз жұмыс істеп жатыр», - деді облыстық ветеринарлық бақылау комитетінің инспекция бастығы Марат Мұхтаров.

Қазіргі кезде құс тұмауының эпицентрлері Ақмола, Қостанай облыстарында тіркеліп отыр. Павлодар, Қарағанды облыстарында лабораториялық тексеріс жүріп жатыр. Мамандардың пікірінше құс тұмауы жыл құстары қайтқан уақытта өршиді.

Байланысты жаналықтар

Қаржы министрлігі есеп комитетінің ескертулеріне жауап берді

18.06.2021

Головкин келесі айда рингке шығады

02.10.2020

Қазақ студенттері не жеп жүр?

05.02.2020

"Ақтөбеде мәйітханалар толып кетті"

29.06.2020

Белсенді дәрігер: Біртановты жалған намыс құртты

25.06.2020

Балақай, сен жалғыз емессің!

01.06.2020