457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қостанайда мал шаруашылығына бөлінген 96 млн теңге субсидия қолды болды

Қостанай облысында мал азығын арзандатуға және селекциялық жұмыстарға бөлінген мемлекеттік субсидияларды жымқыру дерегі анықталды. Залал көлемі 96 миллион теңгені құрады.


Облыстық прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде мемлекеттік қаржының мақсатсыз жұмсалғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Аса ірі көлемдегі алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында үш адамның кінәсі дәлелденіп, іс сотқа жолданды. Айыпталушылар өз кінәсін толық мойындағандықтан, қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен қаралды.

Сот үкімімен олар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды. Сонымен қатар мемлекет пайдасына келтірілген 96 миллион теңгеден астам шығын өндірілуге шешім шығарылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: М.Шағырбаев/ Kazinform