Сағынтаевтың бұрынғы күйеубаласы 8 жылға сотталуы мүмкін

Malim Админ

  • 24.09.2020

Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот отырысы аяқталды. Прокурор экс-банкир Жомарт Ертаевқа 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Бұл туралы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлаған.

"Прокурор 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Онымен қоса мүлкін тәркілеу, 5 жыл материалдық жауапкершілікпен байланысты коммерциялық және қаржы қызметінен айналысу құқынан айыру, жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді талап етті", - деді соттағылар.

Bank RBK басқармасының экс-басшысы Игорь Мажинов және Марпу Жақыбаева, сондай-ақ Qazaq banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимге қатысты мемлекеттік айыптау 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Бақыт Ибрагим кінәсін мойындады, қылмыстық істі тергеу кезінде көмектесіп, 17,3 миллиард теңге, Игорь Мажинов 37,2 миллион теңге қайтарған.

Марпу Жақыбаева 2011 және 2015 жылдар аралығында Bank RBK басшылығынан бонус ретінде алған 100,2 миллион теңгесін зардап шеккен тарапқа қайтарды.

Бұл іс бойынша 37 адамқа қатысты сот процесі жүрді. Прокурор солардың 36-сын кінәлі деп тануды сұрады. Жауапқа тартылған бір адам қайтыс болған.

Bank RBK-інен 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот өткен жылдың аяғында басталған. Қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған.

Осы іске қатысы бар Бақыт Ибрагим Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы. Бақыт Ибрагимның әйелі Сағынтаевтың үлкен қызы Меруерт Әбдір болған. Buro247.kz сайтының негізін қалаушы. Екі баланың анасы. Осы іс басталғанға дейін Меруерт Ибрагим болып келген Сағынтаевтың қызы кейін тегін Әбдір деп ауыстырған.

Байланысты жаналықтар

Сағынтаевтың кеңесшісі жаңа қызметке тағайындалды

08.06.2020

Досановқа жауап: Назарбаев тапсырмасы орындалмаған

19.02.2020

Әкімдердің есебі: «Жағдай тұрақты, кезек жоқ»

28.07.2020

"Әкім өз-өзін жазалай алмайды": Шектеу шенеуніктерге әсер етпей ме?

15.04.2021

Алматы бюджеттің 124 млн теңгесіне форум өткізбек

28.09.2021

Сағынтаев, Тұрғымбаев, Біртановтар бөлінген ақшаны игере алмаған

09.06.2020
MalimBlocks
Сағынтаевтың кеңесшісі жаңа қызметке тағайындалды

Досановқа жауап: Назарбаев тапсырмасы орындалмаған

Әкімдердің есебі: «Жағдай тұрақты, кезек жоқ»

"Әкім өз-өзін жазалай алмайды": Шектеу шенеуніктерге әсер етпей ме?

Алматы бюджеттің 124 млн теңгесіне форум өткізбек

Сағынтаев, Тұрғымбаев, Біртановтар бөлінген ақшаны игере алмаған