Алматы бюджеттің 124 млн теңгесіне форум өткізбек

  • 28.09.2021

«Almaty Creative Industries Forum - 2021» осы жылдың III-IV тоқсанына жоспарланған. Оның аясында стартаптардың акселерациясы мен Creaton чемпионаты өткізіледі. Қазір креативтік индустриялар басқармасы іс-шараны ұйымдастырып беретін компания іздестіруде.

Бұл форумды өткізудің негізгі міндеті Алматы қаласында және жалпы елде креативтік экономика саласының қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасу, креативтік индустриялар саласында жаңа жобаларды іздеу және іске қосу болып табылады, – деп түсіндірді басқарма іс-шараны неге өткізу керектігін.

Форумға кемінде он спикер,  оның ішінде креативтік экономика саласындағы бес халықаралық сарапшының қатысады.

Бұдан бөлек, басқарма «Almaty Creative Class» онлайн білім беру платформасын іске қосып, контентпен толтыру үшін  38,8 миллион жұмсағалы тұр. Ол да бюджеттік ақша.  Бұл қаражатқа креативті экономиканың басым бағыттары бойынша үш тілде 10 оқыту курсы түсіріледі.

Естеріңізге салсақ, наурыз айында мемлекет басшысы Алматы қаласын одан әрі дамыту үшін жаңаша түрленген экономикаға назар аудару керектігін айтқан. Жақында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев танымал тиктокерлермен онлайн кездесу өткізіп, креативті индустрияны дамытудың бағыттарын талқылады. 

Аделаида Ауеспекова, Алматы қаласы

 

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды