Сағынтаевтың күйеубаласының сағаты 197 млн теңге сатылды
Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласының тәркіленген сағаты аукционда 197 миллион теңгеге сатылды.
Алматы қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы Бақыт Ибрагимнен тәркіленген Richard Mille сағатын аукционда 196,8 миллион теңгеге сатты.
Швецариялық 393,6 миллион теңге тұратын сағаттың бастапқы бағасы аукционда бір миллион теңгеден басталған. Нәтижесінде сағат 196,8 миллион теңгеге сатылды. Бұл сағат екінші рет сатылымға шығып отыр. 2020 жылдың қарашасында тәркіленген сағатты бірінше рет департемент өз бағасы 393,6 млн теңгеге сатылымға шығарған болатын. Алайда ол бағаға сұраныс болмаған.
Бұл сағаттың иесі Бақыт Ибрахим – экс-премьер-министр, Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Меруерт атты үлкен қызының бұрынғы күйеуі.
Qazaq bankінің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим банкир Жомарт Ертаевтың Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқырды деген ісі бойынша жауапкер болған. Ибрагим 7 жылға, Ертаев 9 жылға бас бостандығынан айырылған.