«Бұл бикештен жақсы естелік қалған жоқ»

  • 24.09.2020
  • Malim Админ

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Facebook парақшасында бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді.

«Бұл бикештен жақсы естелік қалған жоқ. Фармацевтикалық өндірістің дамуына мүмкіндік берген жоқ. Қазақстандық ғалымдардың дәрілерін сынақтан өткізуге кедергі болды. Жаңаша көзқарастарға жол бермеді. Шетелдік дәрілерді екі есе бағамен бекітті. Көршілермізде одан да арзан еді. ПЦР анализдерін бір лаборатория жүйесінде 20000 теңгеге алғызды. Маскалар 110 теңгеден арзан болуы мүмкін емес деді. Жаз кезіндегі дәрі тапшылығына бейжай қарады. Эмоционалды интеллектісінің төмен екенін көрсетті, адам тағдырына, пациенттер өміріне алаңдамады. Осындай көп дүниелерді тізбектеп айта беруге болады.

Әйтеуір орнынан алды ғой. Жәй ғана алып қоймай, жауапқа тартылады деп үміттенемін», - деп жазды депутат.

Естеріңізге сала кетейік, Бюрабекова 2020 жылдың сәуір айында Елжан Біртанов министр кезінде орынбасар боп тағайындалған еді. 23 қыркүйек күні Людмила Бюрабекова қызметінен босатылды.
Белсенді дәрігер, балалар невропатологы Қайырғали Көнеев  қызметінен босатылған денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Людмила Бюрабекованың үстінен көп ұзамай қылмыстық іс қозғалуы мүмкін деген еді. Өйткені Л.Бюрабекова жазда індет өршіген тұста елдегі дәрі-дәрмек тапшылығына жауаптылардың бірі деп есептейді дәрігер.

Қ.Көнеев Л.Бюрабекова не үшін қызметінен кетірілді,  Цойдың жаңа команда жинағаны дұрыс па, Цой реформа жасауға неге асықпайды деген мәселелер туралы сайтымызға сұхбат берген болатын.

Оқи отырыңыздар: «Людмила Бюрабекованың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін»

 

 

Байланысты жаналықтар

Ғалым Смағұл. Карикатура сөйлесін

13.04.2021

Әділбек Ниязымбетов лауазымды қызметке тағайындалды

10.03.2021

Сапарбаев неге "командамен" жүретінін айтты

02.12.2020

Ақорданың пошта жәшігіне де жете алмады

17.02.2020

Ақтөбелік мұғалімді әріптесі пышақтап кетті

23.10.2020

"Жаңа өзгерістер диссертациялық кеңестердің жауапкершілігін арттырады"

28.05.2021