Медсақтандыру қоры PR-ға 214 миллион теңге бөлген

Malim Админ

  • 24.09.2020

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры PR-ға 214 миллион теңге бөлді.  Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов: "Медициналық сақтандыру қорының бюджетінде PR үшін жалпы көлемі 214 миллион теңге қаражат көзделген. Тиісінше, алдыңғы басшылықпен шарттар жасалды, мысалы, "Global Corporation" ЖШС-мен БАҚ-та ақпарат жариялау туралы 54,1 миллион теңгеге бір шарт және 57,1 миллион теңге сомасына "Nomad Lider" ЖШС компаниясымен SMM-сүйемелдеу туралы шарт жасалды. Бүгінде мамыр мен 10 шілде аралығында көрсетілген қызметтер үшін 37,4 миллион теңге сомасында төлем жүргізілді", - деді. 

Төкежановтың сөзінше, бірінші келісім-шарт бұзылып, 16 миллион теңгеден астам қаражат үнемделген.

"PR, қордың имиджіне жұмсалатын шығындарды оңтайландырдық, онда 108 миллион теңге болған. Біз халықпен кері байланысты сақтап, тұрғындардың шағымдарына уақытылы назар аудару үшін SMM-қызмет туралы шартты қалдырдық", - деді Төкежанов.