457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

2025 жылы медиа күйреп жатқанда PR мамандарына қайтпек керек?

Reuters Institute медиа болашағы туралы 45 беттен тұратын есебін жариялады. Онда дәстүрлі журналистикаға күннен-күнге қиын болып жатқаны баяндалған. Медиа-менеджерлердің тек 41%-ы ғана жарқын болашаққа сенеді. Қалғандары сенбейтін сияқты.

Нарықта не болып жатыр:

- Facebook пен Twitter трафик көздері ретінде біртіндеп құлдырап барады (2 жыл ішінде сәйкесінше -67% және -50%);

- Дәстүрлі медиа ұйымдары штаты мен бюджетін қысқарта бастаған;

- Керемет журналистер «тәуелсіз» микроинфлюенсерлерге кетіп жатыр;

- Аудитория бейтараптылықты емес (оны түсінбейді де), «нақтылықты» (тіпті, ол фейк болса да) қалайды.

Ал енді ең қызығы. АҚШ-та Трамп пен Харрис CNN мен NBC сынды дәстүрлі медиаға мүлдем көңіл бөлмей қойды. Оларға Joe Rogan-ның подкасттары ғана маңызды. Мәселен, Румынияда кездейсоқ адам TikTok арқылы президент сайлауында жеңіске жетті. Ал ол жай атқа мініп, шіркеуге баратынын ғана көрсеткен еді.

PR мамандарына не істеу керек:

- «Тек медиа» дегенді ұмытыңыз. Адамдар мен платформаларды іздегенде олардың бэкграундына қарамай-ақ қойыңыз. Жаңа «жаңалық инфлюенсерлерінің» 77%-ы журналистер емес. Бұл қалыпты жағдай болып кеткен.

- Бейнемазмұнға ден қойыңыз. YouTube (+52%), TikTok (+48%) және Instagram (+43%) – ақша мен назардың бәрі осында.

- Оқиғаларды әр түрлі форматқа бейімдеуді үйреніңіз. Бір жаңалықты – мәтін, бейнемазмұн, подкаст және shorts форматында ұсыныңыз. Бұл мультиканал емес, әр аудиторияның өз тілі.

- «Өз» медиаларыңызды іздеңіз. «Топ» медиаларды қуалап, үнемі үлкен арналардың соңында кетпей, өз аудиторияңыз дейтін платформаларды табыңыз. Кейде тақырыбын тапқан telegram-арналар федералды медиаға қарағанда әлдеқайда тиімді болады.

- Жасанды интеллектпен жау ретінде емес, құрал ретінде жұмыс істеп бастаңыз. Мысалы, өз күш-жігеріңіз ChatGPT-тің іздеу нәтижелеріне қалай әсер ететінін байқаңыз. PR-ды құртатын жасанды интеллект емес, оны дұрыс қолданбау құртады.

Қиын соғары сөзсіз. Дегенмен, оны алғашқы үйренгендер – бар тәттісін жеп кететін солар.

Фото: lpgenerator.ru