ШҚО-да «үй саламыз» деп 1,8 млрд теңге жымқырған менеджерлер ұсталды

Күдіктілердің 2,3 млрд теңге мүлкіне тыйым салынған

Мәди Саматұлы

  • 05.01.2025

ШҚО-да құрылыс компаниясының топ менеджерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне тоқтау салынды, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚМА мәлімдеуінше, олар көппәтерлі тұрғын үй кешенін саламыз деген желеумен 1,8 млрд теңге қаражат жымқырған.

Өскемен қаласында екі күдікті 102 азаматты алдап, құрылысқа үлескер ретінде қатысуға жалған келісімшарттар жасағандары анықталған.

Іс жүзінде тұрғын үй нысанының құрылысы созбалаңға түскен. Мерзімдері бірнеше мәрте ұзартылғанымен, көппәтерлі үй кешенінің құрылысы аяқталмаған. Компаниялар заң талаптарын бұзған және үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмаған, деп жазды агенттік.

Бүгінде күдіктілер соттың санкциясымен ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынған.

Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге мүлкіне тыйым салынған. Зардап шеккен азаматтарға қаражаттары қайтарылып жатыр.

Фото: Жансерік Күзембай

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да ҚХА кеңесінің отырысы өтті

11.04.2025

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

11.04.2025

ШҚО-да инвестициялық және әлеуметтік-экономикалық жобаларды белсенді іске асыру жалғасып жатыр 

09.04.2025

ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы Ұлттық олимпиадаға дайындық басталды

08.04.2025

Тоқаев ҚМА төрағасына бірқатар тапсырма берді

08.04.2025

Пәтерлер, көліктер, алтындар: Перизат Қайратқа қатысты істің жаңа деректері жарияланды

04.04.2025
MalimBlocks
ШҚО-да ҚХА кеңесінің отырысы өтті

Нұрымбет Сақтағанов ШҚО ҚХА кеңесінің отырысын өткізді

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

Ғылым апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де XI Халықаралық конференция өтті

ШҚО-да инвестициялық және әлеуметтік-экономикалық жобаларды белсенді іске асыру жалғасып жатыр 

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымының XX сессиясында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыс дамуының Жоспарын орындау және 2024 жылға арналған облыстық бюджет туралы егжей-тегжейлі есеп берді

ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы Ұлттық олимпиадаға дайындық басталды

Тоқаев ҚМА төрағасына бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Пәтерлер, көліктер, алтындар: Перизат Қайратқа қатысты істің жаңа деректері жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайратқа қатысты істің жаңа деректерін жариялады