"Ақұштап өресіз бе, Фариза өлік пе?"

  • 25.09.2020
  • Malim Админ

Бір жылдары Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА «Менің Фаризам» деп естелігін жазып еді. Ойбай неге жамандайсың деп оған кейбір ақындар дүрсе қоя берді. Ақұштапқа жауап ретінде әлгі біздің Әлия ДӘУЛЕТБАЕВА деген бір ақынымыз:
«Оспадарлар ойнайды,
орыныңа таласқан.
Жын ұрғаннан жұқана,
Жұрттың бәрі данышпан.
Өресізді қайтейін,
Өлігіңмен алысқан...»деп өлең жазыпты . Бұл өлең «Қазақ әдебиеті» газетіне шықты. Не деген мағынасыз өлең? Шынымен өлең деп ойласақ. Өлеңге ең керегі ұйқас десек , ұйқасының өзі «құр алысқан» боп тұр екен.Бұл өлең бір өресізге арналған -мыс. Ол - «өресіз» Ақұштап Бақтыгереева екен. Шынында Әлия жырлағандай: Ақұштап өресіз бе? Фариза өлік пе? «Оспадарлар ойнайды, орыныңа таласқан» дейді . Кім кімнің орнына таласып жатыр? Жалпы поэзияда, әдебиетте әр ақынның өз орны бар. «Әдебиетке аттандап келетіндер көп, келеді, кетеді. Бізге қымбаттысы, келетіндер емес, әдебиетте қалатындар» деп Қадыр Мырза Әли айтпақшы, Ақұштап халық таныған және бірнеше ұрпаққа қабылданған, әдебиетте өз орнын алған ақын. Оған әдебиеттегі Ақұштап деген өз орны қымбаттырақ . «Фаризаның орнына таласқан» деген не сөз?! Фаризаның орны тақ не кресло емес. Әйелдер поэзиясында мысалы: Мариям ХАКІМЖАНОВАНЫҢ өз орны, Күләш АХМЕТОВАНЫҢ өз орны бар болса, Фаризаның да өз орны бар. Алайын десең де, өз орнын бермейді. Кім бермейді? Әдебиет деген әулие... Міне, осы тұрғыдан қарағанда «Орыныңа таласқан» деген өлең жолы сауатсыздық боп шығады сонда. Жалпы әйелдер қауымы сөзі көп халық. Сол асүйдегі сөзді әдебиетке әкелді. Бұл қазіргі талғамның төмендігінен. Сынның жоқтығынан. «Жын ұрғаннан жұқана, жұрттың бәрі данышпан» деп, Жұрттың бәрін кемсітіп, кекетуге болмайды, өйткені атам қазақ «Әйел десем, ішінде әжем де кетеді-ау» деген. Өзіңнен басқа елдің бәрі жұрт деп аталады. Және салмағы ауыр «данышпан» сөзін оңды-солды қолдана беруге болмайды. «Данышпан» сөзі мен «жын» сөзінің қатар келіп бір жолда тұруы сөзбен ойлау емес, сөзбен ойнау.«Өресізді қайтейін, өлігіңмен алысқан» деген не сөз?! Қазақта тірі өлік деген сөз бар. Қолынан түк келмейтін адамды тірі өлік дейді. Сонда біздің Фариза апамыз «өлі өлік» болғаны ма?! Бұл Фаризаны қорлау . Фаризаны рухымыз деп жүрміз ғой. Кім айтты Фаризаны өлді деп, алмас қылыш жыры сөйлеп тұрғанда Фариза мәңгі тірі! Фаризаның атын Әлияша биіктете алмаймыз. Сөз ұқпау, сөзбен ойнау ақындардың сүйікті машығына айналып барады пиаршыл мына ғасырда. «Сөзбен ойнама, сөзбен ойла» деп еді ғой қайран Қадыр ақын.

Маржан ЕРШУ

"Шығармашылық лаборатория" кітабынан үзінді.

Байланысты жаналықтар

Сафуан Шаймерденовтің жары Бағдат апа дүниеден озды

06.03.2021

Кәмила Құдабаева. Айсараның сүймейтін күйеуі

02.03.2021

Назарбаевтың құдасы қайтыс болды

05.01.2021

Хәйләйлім деген топ құрсақ қалай?

11.11.2020

Сарсаңда өткен сол бір кез...

04.04.2020

Түркістан облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды

16.07.2020