Қожахметов Цойдың "тірі екенін" айтты

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 25.09.2020

Алексей Цой неге журналистердің алдына шықпайды? Бұл сұраққа ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте жауап берді.

Журналистер ДСМ өкілінен министрдің халық алдына шығуын талап етіп, "неге жоғалып кеткенін" сұрады.

"Министрмен мен күнделікті кездесемін. Сіздерден ешкім қашқақтап жүрген жоқ... Сізге айтайын дегенім. Қасымда, міне, отырған біздің Денсаулық министрлігінің өкілдері, басшылары, министр сіздердің сұрақтарыңызға әрқашан жауап беруге дайын. Алдағы жоспарлы баспасөз мәслихаты министрдің қатысуымен 1 қазанда осы ОКҚ-да болады. Естеріңізде болса, мен өткен апта 30 қыркүйекте болады деп едім. Бүгін қарасақ, кестесі бойынша ол келесі сәрсенбі - 30 қыркүйекте ол кісі Мәжілісте, Сенатта және Үкіметтің отырысына қатысады екен. Сондықтан, өкінішке қарай, уақыты жоқ. Бірақ 1 қазанда, бейсенбіде ОКҚ-ға келіп, сіздердің алдарыңызда кез келген сұрақтарыңызға жауап береді", - деді Қожахметов онлайн-брифингте.

Осыған дейін Алексей Цойдың журналистердің алдына шықпай жүргенін тілшілер сынаған еді. Артынан Алматыда Денсаулық министрі орыстілді блогерлермен кездескен болатын. Бұл да қазақтілді журналистердің ашуына тиген.  Енді 1 қазанда министрдің жауабын күтеміз.

Байланысты жаналықтар

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

20.12.2021

Алексей Цой қызметінен босатылды 

20.12.2021

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

14.12.2021

Цой азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтты

08.12.2021

Цой отставкаға кетсін – наразы топ

25.10.2021

Pfizer егілетін адамдар тізімі толығуы мүмкін - Цой 

11.10.2021
MalimBlocks
Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

Алексей Цой қызметінен босатылды 

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

Цой азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтты

Цой отставкаға кетсін – наразы топ

Еңбек министрлігі алдында он шақты адам шерулетіп, мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақыны екі есе артыруды талап етуде. Бұл туралы Malim.kz тілшісі хабарлайды.

Pfizer егілетін адамдар тізімі толығуы мүмкін - Цой