Министр алматылықтармен митинг мәселесін талқылады

  • 17.02.2020
  • Malim Админ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ Алматыда өткен азаматтық қоғаммен кездесуде «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңы туралы айтты.

«Мен бірінші кезекте бұл жерге сіздерді тыңдау үшін келдім. Сосын сұрақтарыңызға жауап беріп, пікірлеріңізді тыңдағым келді. Екі сөзбен айтқанда, 1995 жылы қабылданған заңға өзгеріс енгізсек пе деп ойладық. Бірақ, талқылау мен талдау кезінде өзгеріс енгізгенше жаңа заң қабылдаған дұрыс екендігі анықталды. Нақты өзгеріс енгізу мүмкін болмай шықты. Жаңа концептуалды заң қабылдау керек», - деді Дәурен Абаев «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңын талқылау кезінде.

Министр жаңа заңның күшті тұстарын да тілге тиек етті. Оның айтуынша, жаңа заңда ұйымдастырушылардың, журналистер мен қатысушылардың құқығы мен міндеттерінің мәртебесі айқындалған, мемлекеттік органдардың уәкілеттілігі бекітілген, митинг өтетін арнайы орындар белгіленген. Митинг өткізу тәртібін хабарландыру ережесі енгізілген. Өтініштерді қарау тетігі нақтыланған.

«Біздің айтпақ болған барлық новелламыз жайлы сіздер білесіздер. Осы арада отырған әріптестеріміздің көпшілігі бұл заңның өте салмақты екендігімен келіседі. Бейбіт жиналыстар туралы жаңа өзгерістер енгізіледі», - деді министр.

Фото: esquire.kz

 

Байланысты жаналықтар

Министр Цой Тоқаевтың тапсырмасын әлі орындамапты

23.09.2020

Елжан Біртанов коронавирус жұқтырды

14.06.2020

Инвестиция: Балмұздақтан- азық-түлікке

10.03.2021

Әлия Назарбаева: Қиын кезде мейірім керек

25.03.2020

Wolt: Ашынған жеткізіп берушілер талаптарын орындатты

18.05.2021

Түркістанда ауыл шаруашылығына жаңа технологиялар енгізілуде

16.11.2020