Автомобиль жолдары саласы білікті маманға зәру

Malim Админ

  • 30.09.2020

Автомобиль жолдары саласында білікті маман жетіспеушілігі – өткір мәселе. Сондықтан «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы»  Республикалық мемлекеттік кәсіпорны былтырдан бері оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізе бастады, оның барысында жол жөндеуші мамандығы туралы, осы кәсіптің артықшылықтары мен келешегі туралы жас түлектерге жан-жақты ақпарат беріледі.

Былтыр құрылған «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК жол саласына қатысты проблемаларды зерделеп, оларды шешу бағыттарын айқындады.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Бас директоры Замир Сағыновтың айтуынша, бұрын аймақтық зертханалар республикалық жолдардың сапасын тексеріп, оның кемшіліктерімен күрессе, қазір құрылған орталық барлық жалпыға ортақ жолдарды, соның ішінде жергілікті жолдарды тұтас қамтиды. Орталық әлемдік деңгейде қалыптасқан стандарттарды кеңінен енгізуде.

 

"Осылайша, мейлінше білім ордаларын көп қамту мақсатымен «1000 мектеп» акциясы қолға алынды. Бұдан басқа, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы болашақ автожол саласы мамандарын дайындайтын, еліміздің колледждерімен және ЖОО-лармен де белсенді жұмыстар жүргізеді. Бұл шара аясында 715 мектеп, 12 ЖОО, 17 колледж қамтылды. Кәзір ZOOM және Instagram тұғырнамасында, онлайн-негізде бұл шаралар тоқтаусыз жалғасуда", - дейді Замир Сағынов.

Биылдан бастап, студенттерге ақы төленетін практикадан өтулеріне мүмкіндік жасалған. Жаз бойы Орталықта 45 студент атқарған еңбектеріне қарай ақысын алып, теориялық білімдерін нақты жұмыспен ұштастырып, тәжірибеден өтті.

Осындай нақты шаралар арқылы автомобиль жолдары саласында білікті маман тапшылығын жою жұмыстары басталды.

"Қазіргідей ақпараттық технологиялар мен жаппай цифрландыру заманында жастарға жүктелер жауапкершілік те зор. Сондықтан, жастарымыз бағындыратын жаңа технологиялар жолдың сапасын жақсартуға, оның жағдайын бақылауға, өзгерістерді көруге, трафик ағынын басқаруға, сонымен қатар талдау жасауға мүмкіндік бермек", - дейді Орталық басшысы.

 

Жолдың сапалы салынуы, мұқият және стандарттарға сай жөндеуден өткізілуі, түптің түбінде – адам өмірін, әсіресе сәбилердің, мектеп оқушыларының өмірлерін сақтап қалуға әкелетінін естен шығармау қажет.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды