Головкин келесі айда рингке шығады

  • 02.10.2020
  • Malim Админ

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) рингке оралады. Оның келесі жекпе-жегінің уақыты белгіленді. Бұл туралы Vesti.kz –ке сәлтеме жасап, Malim.kz хабарлайды.

Головкин былтырдан бері келісім-шартқа қол қойған DAZN стримингтік компаниясы әр жұма сайын өткізіп жүрген бокс шараларын әлі де жалғастыра беретінін хабарлады. Компанияның айтуынша, жыл соңына дейін кезекте тұрған боксшылар аз емес, сондықтан, кесте тығыз.

Сонымен, бұған дейін көп талқыланған бокс кеші 20 қараша күні өтеді. Бұдан бұрын 21 қараша өтуі мүмкін делінген. Бокс кеші Лос-Анжелестегі Карсон қалашығында өтпек.

Еске сала кетейік, Головкиннің бұл жолғы қарсыласы польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО). Головкин былтырғы күзден бері рингке шыққан жоқ. Қазан айында ол украиналық Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңген. Ал, Шеремета сол бокс кешінің андеркартында жұдырықтасып, Мексика боксшысы Оскар Картесті нокаутпен ұтқан.

Байланысты жаналықтар

Дихандар: Екпесең айыппұл төлейсің, ексең сусыз қаласың

24.06.2020

Жануарларды қорғайтын инспектордың өзі браконьер

23.10.2020

Этномәдени мүшелері  қайырымдылық шарада аянып қалған жоқ

30.04.2021

Алматының бас санитар дәрігері ауысты

18.04.2020

Кәсіпкерлер гратқа ие болды

18.09.2020

Партия тұрғындарды министрмен кездестірді

03.02.2020