Ақтөбедегі апатты үйдің халқы: Өліп кетуіміз мүмкін

Жанар Қожанова

  • 02.10.2020

Ақтөбеде салынғанына 90 жыл болған көп пәтерлі үйдің тұрғындары президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТАН көмек сұрайды. Сөздерінше отыз жылдан бері апатты жағдайда тұрған үйлері қақ ортасынан екі жаққа айырылып бара жатыр. Бала - шағасымен жандарын шүберекке түйіп отырған тұрғындар жергілікті билік баспанамыздың төбесі опырылып, үстімізге түскеннен күтіп отырған болар дейді. Өйткені әкімдіктің тұрғындарды жаңа қонысқа көшіреміз деп уәде еткеніне бес жыл болыпты.

"Әкімшілік бізден хабар алады, уәде етеді, акт, барлық қағаздары тапсырылды. Бірақ нәтиже жоқ. Біз өзімізі үшін емес, балалар үшін қорқамыз. Мен түсінбеймін, сонда біздің мына балаларымыздың қміріне алаңдап қорқынышпен күн кешуіміз керек пе?"- дейді апатты үйде отыз жылдан бері тұратын Жақсыбике ДЕРБЕСОВА.

Қабырғасы жарылып, кірпіші құлап, төбесі үгітіліп жатқан екі қабатты үйдің тұрғындары күндік күлкіден, түнде ұйқыдан айырып, зәрелерінің ұшып отырғанын айтады. Тұрғындар салынғанына тоқсан жыл болған үйді әкімдіктің өзі апатты деп танып, алайда әлі күнге еш шара қолданбай отырғанға таң. Сөздерінше үйдің төбесі екі ағашпен ғана тіреліп тұр. Балаларының өміріне алаңдаған жұрт үйіндінің астында қаламыз ба деп қорқады.

"Ақтөбенің бұрынғы әкімі Мавр Абдуллин өзі келіп қарап, бәрін көріп кетті. Айтқаны 2020 жылдың желтоқсанына дейін жаңадан үй саламыз, содан үй береміз деді. Бірақ ол кісі кетіп қалды. Қазір басқа әкім. Шитосборный үй, эксплутация отыз жыл. Біздер үшінші мерзімді өткізіп жатырмыз. Үйдің едендері адамның салмағын да көтере алмайды.  Жиһаздар салдыр-салдыр етіп қисаңдап тұр", - дейді тұрғын Гүлнар ЫСҚАҚОВА.

Алайда әкімдіктегілер бұл апатты үйдің тұрғындарын басқа жерге көшіруге мүмкіндік жоқ деп отыр. Себебі ескі үйді алып, орнына жаңасын салатын инвестор жоқ екен. Сондықтан тұрғындардың кезекке тұрудан басқа амалы жоқ.

"Некрасова 51-ші үй туралы бізге мәлім. Біздің апаттық деп танылған тізімде тұр. Бұл үй бойынша біздер қаламыздың құрылыс компанияларына ұсынып, жеке меншік серіктестік аясында жұмыстар жүргізіп отырмыз. Қазіргі таңда нақты қызықтыратын инвесторлар жоқ болып тұр. Енді ол үйдің тұрғындары біздің берген анықтамамызға байланысты тұрғын үй қорына мұқтаж ретінде пәтердің кезегіне тұра алады", - деді Ақтөбе қаласы тұрғын үй инспекциясының сектор меңгерушісі Ақнұр ҚАЗБАЕВА.
Қазір Ақтөбе қаласында жиырма екі апатты үй бар. Билік сол апатты үйлердің мәселесін шешу үшін жатпай тұрмай инвестор іздеп жатқандарын айтады. Ал өз үйімізге түнеуге қорқамыз деген тұрғындар енді уәдесін орындамайтын әкімдікті қойып, президент Қасым- Жомарт Тоақаевтан көмек сұрайды.

Фото автордікі.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады