«Үздік педагог - 2020» байқауы әділ өткен жоқ

Malim Админ

  • 04.10.2020

Қоғамдық белсенді әрі мектеп мұғалімі Айман САҒИДУЛЛА жуырда өткен «Үздік педагог» байқауын әділ өткен жоқ дейді. Бұл туралы ұстаз фейсбуктегі парақшасында жазды. Жетісулық ұстаздың айтуынша, бұл байқау туралы жергілікті шенеуніктер хабардар етпеген.

«Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ мырза! Жақында өткен " Үздік педагог" байқауын мойындамаймын. Әділ өткен жоқ. Көп әріптестер бұл байқау туралы естімеді. Әр бір мұғалімнің қатысуына құқығы бар. Көп жерлерде білім бөлімдері бұл байқауды мұғалімдерге жариялап,өткізген жоқ. Жіберетін мұғалімдерін өздері таңдап, жіберіп отырды. Дәлелді болу үшін Қарасай ауданы туралы айтайын. Әлия ЕСМҰРЗАЕВА, Әйгерім ҚОСМҰРАТОВА  куә. Қарасай ауданында сайыс туралы айтылмады. Мұғалімдерге байқау өтетіні туралы хабар берілген жоқ. Аудандық іріктеу сайысы өткізілмеді. Кеше бұл туралы уатсаптағы "Жемқорлықсыз Алматы облысы" тобында сұрақ қойдық. Мейіржан ТЕМІРБЕК мырза да Сәния НҮСІПӘЛИ ханым да, Гаухар ОМАРБЕК ханым да бар ол топта. Білім бөлімінің бастығы жауап бере алмай отыр. Майгүл ханым Айнұрдың облысқа қатысқанын айтты. Сонда Айнұрды кім таңдады? Байқау өткізілген жоқ. Мұғалімдерге жарияланған жоқ. Бұл сұрақты 99 рет сұрасақ та жауап ала алмадық. Бұл бір ғана мысал», - деп жазды Алматы облысыынң мұғалімі Айман Сағидулла.

«Үздік педагог - 2020» байқауына 143 мұғалім қатысқан болатын. Жеңіп шыққан 64 ұстаздың әрқайсысына «Үздік педагог» төсбелгісі мен үш миллионға жуық (2 788 000 теңге) сыйақы табысталған.

«Асхат мырза! Әр мұғалімнің қатысуына құқығы бар. Сондықтан мұғалімдерге жариялануы керек. Телеарна арқылы, әлеуметтік желілер арқылы. Білім бөлімі бастықтарына арнайы түсіндіру керек шығар мүмкін. Бұл байқауға қыруар ақша салынады. Сондықтан әділ өтуі керек. Әр мұғалім қатысу құқығына қол жеткізуі керек. Асхат мырза! Ашықтық туралы көп айтасыз. Сол үздік 46 педагогтің жұмыстарын фейсбукқа жариялаңыздаршы. Көрейік. Үйренеріміз көп үздіктерден . Үйренейік. Жұмыстары туралы сұрасақ, бір мұғалімнің жетістіктерін жіберіпті кеше министрлік өкілдері . "Кемеңгер ұстаз" деген атағы бар екен . Шатаспасам, " Кемеңгер ұстаз" "Дарын онлайн" сайтының 800 теңгеден сатқан атағы. Шатасқан болсам кешіріңіздер. Бізге өткізген сабақтары қажет. Жетістіктерін мың рет жіберсе де " Кемеңгер ұстаз" бола алмаймыз. Ал, сабақтарынан үйренуімізге болады. Сондықтан өткізген сабақтарын бөліссеңіздер бізбен», - деп ойын түйіндеді жетісулық мұғалім.                  

Фото: фейсбук

Байланысты жаналықтар

«Үздік педагог» Шпекбаевқа шағымданды. Аймағамбетов қайтпек?

11.11.2020
MalimBlocks
«Үздік педагог» Шпекбаевқа шағымданды. Аймағамбетов қайтпек?