«Үздік педагог» Шпекбаевқа шағымданды. Аймағамбетов қайтпек?

Malim Админ

  • 11.11.2020

Өткенде Malim.kz тілшісіне берген сұхбатында белсенді мұғалім Айман Сағидулла «Үздік педагог» байқауының әділ өтпегенін айтып еді.

«Бұл «Үздік педагог» байқауы әділ өтіп жатқан жоқ деп есептеймін өз басым. Себебі, өзіңіз айтып отырғандай, педагогтар арасында тартыс болуға тиіс. Ал, бізде ондай бәсеке жоқ, себебі, мұғалімдердің көпшілігі ондай байқаудың бар екенін де білмейді, естімейді. Тіпті, көптеген аудандарда білім бөлімдері қалаған адамдар ғана барып қатысады. Негізінен, бұл байқаудың бірінші кезеңі аудан ішінде өтіп, содан іріктелген мұғалімдер облыстық кезеңге өтуі керек. Өкінішке орай, көптеген аудандарда мұндай байқау өткізілмейді. Мысал үшін, мен жұмыс істейтін Алматы облысы, Қарасай ауданында бұл байқау өткізілген жоқ» деген болатын Айман Сағидулла.

Оқи отырыңыз: “Аймағамбетов “Үздік педагог” атағын заңсыз үлестірді”

Енді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бұл байқауы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін де назарына ілікті. Конкурстың республикалық кезеңінде жеңіске жеткен физика пәнінің мұғалімі Арнұр Қазыбековтің әлеуметтік желі арқылы Алик Шпекбаевқа айтқан шағым айтқан болатын.

Ол "Үздік педагог - 2020" конкурсының республикалық кезеңінде жеңіске жеткен және 2,7 миллион теңге ақшалай сыйлықпен марапатталған. Алайда ол Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары облыстық кезеңдегі жеңісі үшін тағайындаған 300 АЕК көлеміндегі сыйақысын бермепті. Ал әріптестері болса, сыйақыларын баяғыда алып қойған.

"Мен "Үздік педагог - 2020" конкурсының облыстық кезеңінде жеңіске жеткенімде Атыраудың бір мектебінде жұмыс істейтін едім. 2 қазанда мені Атырау облысының өкілі ретінде марапаттады, алайда жергілікті атқарушы билік берілуі керек соманы берген жоқ. Ал қалған әріптестерім 5 қазанда бұл сыйлықты алып қойды", - деп жазды Қазыбеков.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, аймақтың Білім басқармасындағылар бұл жағдайға қатысты мынандай түсінік берген. «Жергілікті атқарушы органдар мұғалімдерге 300 айлық есептен кем емес көлемде ақшалай сыйақы беріп, қосымша ынталандыруға құқылы. Бірақ оны беру-бермеуді өз бетінше шешеді. Оның үстіне ол 1 қыркүйекте басқа қалаға көшіп кетті. Яғни 5 қазанда біз басқа мұғалімдерді марапаттағанда ол біздің мектепте жұмыс істеген жоқ».

Арнұр Қазыбековтің шағымын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тексеріп жатыр. «Бұл шағым Атырау облысының Білім басқармасына қарау және шара қабылдау үшін жолданды», - депті агенттіктегілер.

Білім саласы біздің елде жемқорлыққа батқан саланың бірі. Бір ғана байқаудың басынан шу арылар емес. Антикор араласқан соң, Аймағамбетов те құр отырмайтын болса керек.

Байланысты жаналықтар

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

05.01.2023

25 млн теңге қаржы жымқырған.  Қызылордалық шенеуніктер сотталды   

11.10.2022

Жамаубаев жемқорлық туралы: «Біз бірінші орында тұрамыз!»

21.09.2022

Мүгедектерді сауықтыруға арналған қаражат жымқырылған

16.09.2022

«Орныңды босат, Шөкеев!» - Түркістан әкімінің есеп беру жиынынан репортаж 

16.06.2022

Аймағамбетовтің арманы: Шымкент министрді өтірікші жасайын деп тұр

10.06.2022
MalimBlocks
Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

Кешегі тағайындаулардың ішінде елдің назарын ерекше аударған – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің орнынан кетуі болды. Үш жарым жыл бойы министр болған Аймағамбетовті қимайтындар аз емес екен.  

25 млн теңге қаржы жымқырған.  Қызылордалық шенеуніктер сотталды   

Жамаубаев жемқорлық туралы: «Біз бірінші орында тұрамыз!»

Мүгедектерді сауықтыруға арналған қаражат жымқырылған

Қылмыстық іс  бойынша тергеу жүргізілуде

«Орныңды босат, Шөкеев!» - Түркістан әкімінің есеп беру жиынынан репортаж 

Мақажановтың қылмысы дәлелденсе отставкаға кетуге дайынмын деді

Аймағамбетовтің арманы: Шымкент министрді өтірікші жасайын деп тұр

Аймағамбетов биыл балаларды балабақшамен қамту 99 пайызға жетті деген. Шымкенттегі жағдай осы көрсеткішке күмән тудырады.