Министрдің құттықтауындағы екі президент

Malim Админ

  • 04.10.2020

Кешеден бері президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ бастап, премьер-министр Асқар МАМИН қостап мұғалімдерге құттықтаулар легі ағылып жатыр. Әкімдер де, министрлер де ақ тілектерін жолдаудан сырт қалмады. Әдетте қандайда бір сөз айту керек болса қазақстандық шенеуніктер ауыздарын президент Назарбаевсыз ашпайтын. Баяндама, құттықтау сөз, жиналыс, кездесуде де президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ сөзінен цитата келтіру дәстүрге айналған. Мәселен, мәдениет және спорт министрі Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА instagram.com желісінде мұғалімдерді құттықтаған. Министр ханым жазылмаған заңдылықты бұзбаған. Екі президенттің сөзін де мысалға келтіріп ақ тілегін ақтарыпты.

«Құрметті ұстаздар қауымы!  Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – ұлтымыздың тәрбиешісі.  Ұстаз бейнесі шәкірті үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. Мемлекет үшін білімді жас – ең негізгі құндылық екені де айқын. Ұстаз беделі – қоғам беделі. Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады», - деген еді. Президентіміз Қ.К.Тоқаев та күні кеше «Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет», - деп мәртебелі мамандық иесі беделінің жоғары болуы керектігін қадап айтты. Ұстаз - қоғамның қай саласында болмасын еңбегі ерен, біздің табысты еңбек етіп, биік белестерді бағындыруымызға дəнекер жан. Кез келген азаматтың тұлға болып қалыптасуына өлшеусіз үлес қосатын ұстаз – мамандықтың төресі, қастерлі есім болып қала береді деген ойдамын.  Осынау ерекше сəтті пайдалана отырып, «ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, мехнаты мен машақаты мол мамандық иелеріне табыспен қоса сарқылмас күш-қуат тілеймін! Өздеріңізге айтар алғысымыз шексіз! Ел келешегі жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолындағы еңбектеріңіздің жемісі еселене берсін! Дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға береке, шығармашылық жетістіктер тілеймін!», - деп тілегін білдірген.

Фото: almatylife.kz

 

Байланысты жаналықтар

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

22.04.2024

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

07.04.2024

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

05.04.2024
MalimBlocks
Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

Алматы қаласында актер есімімен аталатын көше бар.

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

Ол – қазақ тілінде алғаш детектив жанрында қалам тербеген санаулы жазушының бірі.