Тоқаев коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр

  • 07.10.2020
  • Malim Админ

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындалуды тапсырды. Ол бұл туралы үкімет мүшелерімен болған отырыста айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Akorda.kz жариялаған баяндамасында президент коронавируспен күрес бойынша 6 мәселені атапты: Коронавирусқа тест тапсырудың төмендеу тенденцисы; ауруханалар толықтай дайын емес; карантин шаралары сақталмай, заң бұзу деректері көбейіп кеткен; дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін болдырмау бойынша жоспарлар толықтай іске аспай жатыр; медицина қызметкерлерін қаржылық жағынан қолдауға байланысты мәселелерді шешу керек; коронавирустан басқа да аурулардан қайтыс болғандар саны артып барады, т.б.

«Жалпы, эпидемияға қарсы күрес кезінде біраз тәжірибе жинадық. Бұл тәжірибені мейлінше тиімді пайдалануымыз керек. Жалпы Үкімет осындай күрделі ахуалда өз жұмысын тиімді, сәтті жүргізуде. Баршаңызға аян, қазір көптеген елде санитарлық ахуал күрделеніп барады. Бұл – коронавирус індеті қайта өршиді деген сөз. Біз бұған дайын болуымыз керек», - деді Тоқаев.

Бұдан ары екінші толқын басталған жағдайда қандай шаралар атқарылуы керек екенін айтады. Оның алғашқысы көрші елдермен қарым-қатынас мәселесі; өмірлік маңызы бар салалардың жұмысын ақсатпау; азық-түліктің жеткіліктілігі мен оның бағасын бақылауда ұстау; малдәрігерлік саланың ақсауынан құс тұмауы сияқты аурулардың таралуы орын алды, енді, ондай инфекциялардың таралуына жол бермеу жайын айтыпты.

Бұдан ары президент Қазақстанның өзге елдер сияқты пандемия жағдайында қаржылық, экономикалық қиындықтарға тап болғанын айта келіп, үкімет экономиканы құлдыратпай сақтап қалу үшін жақсы жұмыс істеді деп баға беріпті.

Одан бөлек, халықпен кері байланыс орнату, елдің сенімі мәселесін алға тартады:

«Елдің береке-бірлігі мен амандығы бәрінен қымбат. Әсіресе, бұл қазіргідей кезеңде өте маңызды. Әлемді жайлаған пандемияға және экономикалық дағдарысқа төтеп беру үшін мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдауда. Бірақ бұл жұмыс бүкіл ел болып, жұмыла білсек қана өз нәтижесін береді», - деп аяқтапты баяндамасын.

Байланысты жаналықтар

Шекарадағы жағдай: Бішкек Нұр-Сұлтанның конструктивті ұсыныстарына «құлақ салмауда»

10.06.2020

Алматы полициясы миллион долларға көлік алды

18.06.2020

Серік Жаманаев 19 жылға сотталды

18.01.2021

Ораза 24 сәуірде басталады

14.04.2020

Коронавирус Шымкентке жетті

24.03.2020

«Жайылымнан айырылсақ қалай күн көреміз?»

31.07.2020