Коронавирус пандемиясы мейрам ба еді?

  • 07.10.2020
  • Malim Админ

Коронавирус  пен пневмония қырғынынан зорға аман қалған жұрт  есін енді жинай бастағанда қысыл-таяңда қарапайым жұртқа қамқорлығын көрсеткен еріктілерге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Халық алғысы» медалі табысталып жатыр.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова және оның идеолог орынбасары Серік Ахмет те бірнеше күннен бері президенттің жарлығымен аймақтың белсенді тұрғындарына осы медальді үлестіруде. Хош, еріктілердің еңбегі еленгені өте жақсы. Бірақ ең сорақысы  медальдің төл құжатында  «Халық алғысы» мерекелік медалімен награтталады» деп жазылған.  Куәліктегі дәл осы «мерекелік медаль» деген сөз Қызылордадағы көпшіліктің ызасын келтіргендей.

Мәселен журналист Болат Жұмабаев әлеуметтік желідегі парақшасына «Пандемияда корона-шоу жасаған ба?»-деп таңданысын білдірді. Онымен қоса, бірнеше желі қолданушылары да қаншама жан о дүниелік болған уақытты «мерекеге» айналдырғандарға наразылығын білдірді.

Медальдің куәлігіндегі мәтіннен қателік кеткен бе, жоқ па ол жағын «Мәлім.кз» сайытының тілшісі Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасынан сұрап көрді. Басқармадағылар «прездиент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы қойылғандықтан,  медаль да, куәлігі де Жоғары жақтан осы күйінше келді»- дейді. Сондықтан  ол үшін жауапты емес екендерін айтады.

Бірақ Қазақстанда жазда індет өршіп, азаматтар аза тұтып жатқанда да кейбір мейрам елеусіз қалмады. Мәселен 6-шілдедегі  елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының туған күнінде қызылды-жасылды от шашу елорда төрінде көкке атылғаны елдің әлі есінде.

Фото: ortcom.kz

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев мораторийды тағы бір жылға созды

28.12.2020

Доспамбет жырау өз ұлын неге өлтірді?..

15.02.2021

Қытайдың Тоқаевқа тарту еткен суперкомпьютері

19.02.2020

Бекшин шақырады: ТЖ-дан кейін де карантин талаптарын сақтаңыздар

10.05.2020

Отандық вирусология ғылымына қолдау көрсетіледі

25.03.2020

Тоқаев: «Қоғам тарапынан сынға да ұшырадыңыздар»

23.06.2020