Серік Ахмет: Сыбайлас жемқорлықты мүлде жеңуге болмайды
Сыбайлас жемқорлықпен күресіп жатқан мемлкеттік қызметкерлер өздерінің жеңетіндеріне сенбейді. Жеңіске сенбей қылмыспен күресу қаншалықты ақылға қонымды екен. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет адамзат тарихы дәлелдеп қойған, жемқорлықты мүлде жеңуге болмайды деп есептейді екен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің «AntikorLive» бағдарламасында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахметке «Сыбайлас жемқорлықа қарсы иммунитетті күшейтудің нақты қандай жолдарын айтар едіңіз?» деген сұрақ қойылды.
«Бұл жерде мен нақты бір афоризмге тоқталғым келеді. Ол бұрынғы заманнан келе жатқан латындардың нақыл сөздері бар. «Заң қатты болса да, ол – заң». Оны бәріміз орындауымыз керек. Негізгі платформа – осы.
Бірінші қағида сана таза болу керек.
Екіншісі бізде жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы керек. Онсыз басқа жол көріп тұрған жоқпын. Соның арқасында біз үшінші ресурсқа жетеміз. Ол нөлдік төзімділік. Қылмыс жасауға мүмкіндік болса да қылмысқа бармай, заң бұзушылықты көріп тұрсаң көз жұмбай, ұлттың жаңа болмысы ретінде қарсы тұру. Осыны жүйелі түрде санамызда қалыптастырсақ, үлкен жеңісіміз болады.
"Бірақ сыбайлас жемқорлықты мүлде жеңуге болмайды. Адамның психологиясы сондай"
Тұрмыстық салада жемқорлықты нөлге апарсақ, жақсы болады. Дамыған елдер соған барды. Бірақ сыбайлас жемқорлықты мүлде жеңуге болмайды. Адамның психологиясы сондай. Негізі адамзаттың тарихы соны көрсетті. Бұл жерде жаңа заңды шығара алмаймыз» деп жауап берді Серік Ахмет. Гүлшара Әбдіқалықованың орынбасарының сөзінше жемқорлықты жеңуге болмайды екен. Ал өздері жемқорлыққа төзбейтін қағида қалыптастырғылары келеді. Сонда қалай?
«Сыбайлас жемқорлықа қарсы мемлекеттік тапсырыс ретінде ақпараттық күрес жүріп жатыр ма? Бұл тақырыпта мемлекеттік тапсырыс қарастырылған ба?» деген сауалға да жауабы қызық болды.
«Әрине. Бар. Бұл жерде интернет кеңістікте жұмыс жүріп жатыр. Анда-санда уақыт болғанда, көшеде жүргенде билбордты жиі көрем. Сол билбордта өзіміздің хәкім, ұлы Абай сөздері бар. «Адал жүріп, адал тұр» деген мықты айтылған сөзі бар. Дұрыс. Қазір біз соны пайдаланып жатырмыз. 2019 жылы жемқорлыққа қарсы 10 жоба іске асырдық. Биыл 7 жоба іске асып жатыр. Құқық бұзушылыққа, жемқорлыққа мүлде төзбейтін қағидаларды қалыптастыру үшін жұмыс істедік. Қазіргі таңда БАҚ-та 250 материал шығарылды. Өзіміздің аудандарда, облыста, қалада, республикалық басылымдарда шықты. Мұнда тек қана бұрынғы дәстүрлі үгіт насиахт емес. Қазіргі 21 ғасырдың жаңа тәсілі бар. Инфографика, диаграмма жасаймыз. Вайн түсіреміз. Енді бізде креативті күштеріміз Нұр-Сұлтанға, Алматыға қарағанда аздау шығар. Негізі сондай қалыптасқан ой бар. Бірақ біз жергілікті вайндарымызды шығарып жатырмыз» деп жауап берді Серік Ахмет.