«Ұлттық арна жүн беттер арнасы»

Malim Админ

  • 08.10.2020

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл ОРЫНБЕК «Qazaqstan» ұлттық арнасын сынға алды. Қоғам қайраткері «Асыл арна» діни арнасының директоры Мұхамеджан ТАЗАБЕКТІҢ «Qazaqstan» эфиріне шығуын бұрыс деп есептейді.

«Асыл арна арқылы үйрете алмаған, тәлім тәрбиені Ұлттық арнадан үйретейін деді ме? Ұлттың арнасы, діни фанаттардың арнасы ма? Қарттарды ұрып, теуіп, приказ орындауға үйретеді ме енді?Ұлтқа тәлім тәрбиені, батыр атамыздың келіні Зейнеп Ахметова апамыз тұрғанда, Мұхамеджан Тазабекке жол қайда? Тазабектің де ұяты жоқ екен, Зейнеп апамыз тұрғанда, алдына шығып тәлім тәрбие бергенім жарамас! “Мен де кеше ғана сақалым тіземе тиіп адасып, қарттарды ұруға шақырып жүрген адам едім”-деп бас тартуға болар еді! Жоқ, кесетін жерімді кесіп ал деп, беті быттыйып Ұлттық арнадан бірақ шығыпты! Жастарға ақылды қарт кісілер айтатын еді, бізде тепсе темір үзетін, жастар айтатын болғаны қашан?!Ұлттық арнаның мәртебесі биіктейді ме десем, жүн беттерге толып, кері кете бастапты!Бұл енді Ұлттың арнасы емес, жүн беттердің арнасы! Ұлттық арнаға қазынадан ақша бөліну тоқтатылсын! Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл арнаны шұғыл тексерсін!», - деп жазды Айгүл ОРЫНБЕК facebook.com желісінде.

Әзірге ресми түрде «Qazaqstan» телерадиокорпорация дінтанушы Мұхамеджан Тазабек жайлы ресми ақпарат таратқан жоқ. Бірақ facebook.com әлеуметтік желісінде "Talim Trend" авторлық жобасының түсірілімі басталып кеткені жайлы фото және ақпараттар жүр.

Фотолар ғаламтордан алынды. 

Байланысты жаналықтар

А. Орынбек М. Тайжанға қарсы. Р. Сәрсенбайұлы қолдап отыр

01.03.2023
MalimBlocks
А. Орынбек М. Тайжанға қарсы. Р. Сәрсенбайұлы қолдап отыр

Әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы, өзін заңгер санайтын Айгүл Орынбек сайлаудың үгіт-насихатының отына май құйып бергендей болды.