Шымкентте мас еркек әйелі мен үш айлық қызын сабаған

Әйелі түрлі жарақат алған. Ал сәби жан сақтау бөлімінде

Мәди Саматұлы

  • 04.08.2024

Шымкентте кеше түнде болған оқиға жайлы қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүкіл ел көрсін қандай істерде жүретінімді. Түнгі сағат 4:00 те «Роща ауруханасы ана мен баланы қабылдамай жатыр», деп хабарласты. Құдайдан қорықпайтындар «Айгүл Орынбек келеді» деген соң ғана көмек бере бастаған. Бірақ өте кеш, бала басына қан кетіп, реанимацияға түскен!, деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Оның жазуынша, үш айлық баланы теуіп, лақтырып, әйеліне пышақ жүгірткен 53 жастағы күйеуі әлі қамалмаған. Сонымен бірге, ауруханаға барғанда «адам көп, үйлеріңе қайтыңдар» деген дәрігерді жазалау керек екенін айтады.

Бұл жағдайға қатысты оқиға куәгері – көршісі Назира Мұңалиева да болған жайды айтып берді. Оның сөзінше, кеше түнде осы әйелдің көшеге қашып шыққанын көршілер көріп, 102 мен 103 нөміріне хабарласқан. Ал мас күйеуі полиция ұызметкерлерімен төбелесіп, артынан күшпен басып алып кеткен. Артынан аурухана жатқызбайтынын айтқан. Сосын көршілер резонанс көтеріп, Айгүл Орынбекке хабарласатынын айтқан соң ғана дәрігерлер Бас дәрігеріне хабарласып, содан кейін қарай бастаған.

Біз баланың памперсін ауыстырамыз дегенде баланың денесінің көгергенін көрдік. «Балалар педиаторын шақырыңыздар, бала да зардап шеккен» десек, дәрігерлер бейғам отыр. Сосын айғай-шу шығарып, 103-ке хабарласқанда ол кісілер «қабылдамаймыз» деп, әбден әуре-сарсаңға салды. Кейін біз «РОЩАНЫҢ» сыртындамыз дегенде ғана қабылдады. Сосын анасы мен баланы Асар ауруханасына алып кетті. Азанғы сағат 08:00-де хабарласқанымда баланың бас сүйегі сынып, миына қан кеткенін білдік. Бірақ анасына ешқандай медициналық көмек жоқ, дейді көршісі.

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

19.05.2025

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025
MalimBlocks
Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен