Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа тұрғызуды оңайлатпақ

Malim Админ

  • 17.09.2020

Қазақстанда 705,5 мың мүгедек жан бар. Оның 430,4 мыңы немесе 61 пайызы жұмысқа, еңбекке жарамды жаста.

Үкімет жетекшісінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн-режимде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің жұмысын өткізді. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов тағдыры ерекше жандардың жағдайын жақсартудағы атқарылған жұмыстарды баяндады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов бірқатар санаттағы азаматтардың жағдайын жақсарту үшін тиісті заңдарға енетін өзгерістер мен түзетулердің  жобасын таныстырды.

-Бүгін үйлестіру кеңесі 80 пайыз жаңарған жаңа құраммен бас қосып отыр. Үйлестіру кеңесінің 10 мүшесі немесе 25 пайызы алғаш рет онлайн дауыс беру арқылы сайланып отыр. Бұл сайлауға 22 мыңнан астам азаматтың қатысқанын ескерсек, кеңес жұмысының ауқымының, жауапкершілігінің қаншалықты кең және маңызды екенін байқаймыз, ­- деді Ералы Тоғжанов жиынды ашу сөзінде.

Вице-премьер баяндамасында ағымдағы жылы Қазақстан мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік тұрғыдан қорғауға 435 миллард теңге бөлгенін, келесі жылы бұл қаржы 457 миллиард теңгеге дейін жететінін айтып өтті.

Біржан Нұрымбетовтің баяндауынша, Қазақстанда 705,5 мың мүгедек  жан бар, оның 430,4  мыңы немесе 61 пайызы еңбек жасындағы азаматтар. Ал солардың төрттен бірі ғана еңбекпен қамтылған. Әлбетте бұл сын көтермейтін жағдай. Өйткені дамыған елдерде мүгедек жандардың кем дегенде 40 пайызы жұмыста.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы олқылықты түзеп, 2025 жылы елдегі мүгедек жандардың 30 пайызын жұмыспен қамтамасыз етпек. Бұл межеге жету үшін қабылданып, жүзеге асып жатқан «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын пайдаланып, ондағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, бизнес ашуға үйрету, оқыту, жұмысқа тұрғызу  бағыттарына арқа сүйемек. Бастапқы талпыныс та жаман еместей. Мәселен, былтыр 16,3 мың мүгедек жан жұмысқа тұрса, 2,2 мыңы кәсіпкерліктің қыр-сырына қатысты білім алған, 1 мың 236 адамға қайтарымсыз грант пен 672  тұрғынға шағын несилер беріліпті.  Сондай-ақ, министр республика бойынша, қайырымды жандардың көмегі мен қолдауының арқасында мүгедек жандардың қатардан кем қалмауына түрлі шаралар мен жұмыстардың жүріп жатқанын айтып өтті.

­«Даму» қорымен бірігіп «scale-up» бағдарламасы бойынша мүгедек жандардардың 75 жобасы таңдап алынды. Бұл жоба бизнесі бар немесе оны жаңадан бастаған кәсіпкерлерге ақыл-кеңес, жобалау, жаңа нарықты игеру, заңнамалық, құқықтық, ақпараттық жағынан тағы да басқа бағыттарда қолдау көрсетеді, – деді Біржан Нұрымбетов.

Әлбетте, тағдыр сынына түскен азаматтар кез-келген жұмысқа жарамайды. Ал қолдарынан келетін мамандықтың реті соншалықты көп емес. Таңдау аз. Осы мәселені де министрлік ескеріпті.  БҰҰДБ-ы мен Қазақстан бірігіп, бірінші рет, мүгедек жандардың мамандықтары бойынша Мамандықтар атласы картасын жасау жобасын қолға алыпты.  Егер бұл жоба іске асса, жұмыс берушілер,  еңбекпен қамту орталықтары және жеке компаниялар іздеген мамандықтар бір орталыққа түсіп, екі жақты байланыс жылдам орнығады. Ал Атлас картасында жұмыс іздеген мүгедек жанның мамандығы, денсаулығындағы ерекшелік жайында ақпарат та ілінеді. Және алдағы уақытта маман мен жұмыс іздеушіге қатысты ақпараттар орталықтандырылған «Еңбек» электоронды биржасына бірікпек. Министр ерекше азаматтарды қорғау мен қолдау, жұмыспен қамту ісін мемлекет барынша жетілдіре беретінін де айтып өтті. Оның сөзін орынбасары  Ерлан Әукенов қостағандай болып, бірқатар санаттағы азаматтардың жағдайын жақсарту үшін тиісті заңдарға енетін өзгерістер мен түзетулердің  жобасын таныстырды. Бұл жоба президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген «еститін мемлекет» қағидасына сай жасалыпты. Және Сенаттың жұмыс тобында, үкіметтік емес ұйым өкілдері және халықаралық ұйымдардың талқысынан өтіпті. Жоба заң күшіне енсе, қолданыстағы заңнамадағы мүгедектік түсінігіндегі кемсітушіліктер жойылмақ, әлеуметтік қорғалуы тиіс азаматтардың жұмысқа тұруы мен әлеуметтік қолдау алуы барынша жеңілдетілмек. Заңдағы «мүгедек» термині «мүгедектігі бар жан» деп белгіленеді.  Яғни, мүгедектігі бар жан дегеніміз олардың басқа адамнан кем, төмен емес деген ұғым бермек.  Бірінші топтағы мүгедектігі бар жандар үнемі күтімге зәру екені ескеріліп, олардың күтушілерге, қараушыларға, көмекшілеріне жәрдемақы тағайындау жүйесі енгізілмек.

«Мүгедектегі бар жандардың өтініштері бойынща, «инватакси» қызметін 2023 жылдан бастап әлеуметтік қызмет порталына ауыстырамыз. Сонда   азаматтар өздеріне қолайлы қызмет пен тапсырыс беруді өздері қалаған мобилді қондырғыда пайдалана алады»,- дейді Е.Әукенов.

Жиында сондай-ақ, мүгедектігі бар жандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, мүгедектікі емдеу мен алдын алу, мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді қолдау көрсету, инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру секілді маңызды мәселелер де қаралды.

Бұл жиынға орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары, балалар және адам құқықтары жөніндегі омбудсмендер Аружан Саин мен Эльвира Әзімова, «Nur Otan» партиясы жанындағы отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы Динара Зәкиева, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан. Кездесу соңында Ералы Тоғжанов орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға Ұлттық жоспардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, заң жобасын қоғам пікірін ескере отырып әзірлеуге тапсырма берді.

Байланысты жаналықтар

Шілдеде бірқатар облыста қуаңшылық болады

07.07.2021

Айгүл Орынбек әкімнің Алғыс хатын қоқысқа тастады

26.06.2020

Алматыда 96 жастағы адам коронавирустан жазылды

27.08.2020

Үкімет шағын және орта бизнеске қалай көмектеседі?

04.09.2020

Вирус: Ауру белгісі жоқ науқастар неге көбейіп жатыр?

08.06.2020

Ақмәди Сарбасов «42 500 теңге» төлемін тағайындау жайын қорытындылады

26.05.2020
MalimBlocks
Шілдеде бірқатар облыста қуаңшылық болады

Айгүл Орынбек әкімнің Алғыс хатын қоқысқа тастады

Алматыда 96 жастағы адам коронавирустан жазылды

Үкімет шағын және орта бизнеске қалай көмектеседі?

Вирус: Ауру белгісі жоқ науқастар неге көбейіп жатыр?

Ақмәди Сарбасов «42 500 теңге» төлемін тағайындау жайын қорытындылады