"Мәжіліс сайлауы онлайн өтуі мүмкін"

Malim Админ

  • 14.10.2020

Белсенділер Тоқаев сайлау қашан өтетінін осы не келесі аптада жария етеді деп есептейді. Расында да, "Сайлау туралы" заңның 85-бабына сәйкес, президент Тоқаев мәжіліс депутаттарының сайлауын олардың өкілеттігі мерзімінің бітуінен кемінде бес ай бұрын тағайындауы тиіс.

Ал Конституцияның 49-бабы 2-тармағына сәйкес, парламент өкілеттігі оның алғашқы сессиясы ашылған сәттен басталады. VI  шақырылымдағы депутаттардың алғашқы сессиясы 2016 жылдың 25 наурызында өтті. Олай болса, мәжілісшілердің өкілеті келесі жылдың 25 наурызында аяқталады. Егер Тоқаев сайлауды олардың өкілеті аяқталардан бес ай бұрын жариялауы тиіс десек, демек, президент мәжіліс сайлауы қашан өтетіін 25 қазанға дейін айтуы керек.

Ал енді сайлау қашан өтетіні заңда тап басып көрсетілмесе де, "Сайлау туралы" заңның 85-бабына қарағанда, президент кезекті сайлауды мәжіліс депутаттарының өкілеті бітуінен екі айдан кешіктірмей өткізеді. Яғни заңға сүйенсек, кезекті сайлау 25 қаңтарға дейін өтуі тиіс.

Белсенділер Тоқаев парламент сайлауын тағайындау туралы жарлыққа осы аптада қол қояды деп топшылайды. Мәселен, HAQ қозғалысының бастамашысы Тоғжан Қожалиева "көпшілік Тоқаев сайлау қашан өтетінін осы аптада жариялайды деп жүр" дейді. Т.Қожалиева бақылаушылар аса белсенді болған өткен президент сайлауынан сабақ алған билік осы жолғы мәжіліс сайлауына бақылаушыларды жібермеуге тырысады дейді.

- Сарапшылар мен тәуелсіз бақылаушылар сайлау қаңтар-ақпан айында өтеді деп болжайды. Өйткені премьер-министр де, денсаулық сақтау министрі Цой да қайта-қайта карантиннің үш сценарийі бар деп жатыр. Екі сценарий бойынша, карантин мен локдаун қаңтарда болуы мүмкін. Соған қарағанда, бақылаушыларды кіргізбеу үшін және бақылаушылар жұмыс істей алмауы үшін локдаунды сылтау етеді, - дейді Т.Қожалиева.

Былтыр президент сайлауында тәуелсіз бақылаушылар біраз былықтың бетін ашып, заңсыздықтарды әшкерелеген.  Бір жағынан қазіргі Қырғызстан оқиғасына үрке қарап отырған билік үшін сайлауды қақаған қыста өткізу таптырмас амал болып тұр.

Т.Қожалиева билік сайлауды бұрмалау үшін локдаун жариялаумен шектелмей, сайлауды онлайн өткізуі мүмкін деп есептейді.

"Өткендегі праймериз онлайн сайлау алдындағы репитиция. Онлайн сайлау үшін негіздеме локдаун болуы мүмкін", - дейді ол.

Бірақ "Сайлау туралы" заңда да, Конституцияда да онлайн сайлау қарастырылмаған. "Біз де, заңгерлер де Ата заң мен заңдарды қарап шықтық. Онда тек электронды дауыс беру туралы айтылған. Бірақ Орталық сайлау комиссиясы сонда да бір амалын тауып кетуі мүмкін.  Алдыңғы күні Орталық сайлау комиссиясы мемлекеттік сатып алулар порталында кабельдер, түрлі құрылғылар сатып алатынын жариялапты. Президент сайлауы былтыр ғана өтті. Бір жыл ішінде кабельдер қайда кетіп қалды? Соған қарағанда ОСК да қамданып жатқандай. Егер сайлау расында онлайн өтсе, жасырын дауыс беру құқығы сақталмайды", - деп қорытты Т.Қожалиева.

 

Байланысты жаналықтар

«Короновирус жоқ Қазақстанда кинотеатрлар жабылмасын»

13.03.2020

Жаңа заң: Митингіде күш қолдануға болмайды

27.04.2020

Қазақстанда жаңа партия құрылмақ

01.06.2020

Назарбаевтың шарапатын көрген банкирлер Тоқаевқа жәрдемдесе ме?

31.03.2020

Сауалнама: Тоқаев Цой мен үкіметті отставкаға жібере ме?

06.04.2021

Әшімбаев, Абаев, Балаевалар – ығысып бара жатқандар

04.05.2020
MalimBlocks
«Короновирус жоқ Қазақстанда кинотеатрлар жабылмасын»

Жаңа заң: Митингіде күш қолдануға болмайды

Қазақстанда жаңа партия құрылмақ

Назарбаевтың шарапатын көрген банкирлер Тоқаевқа жәрдемдесе ме?

Сауалнама: Тоқаев Цой мен үкіметті отставкаға жібере ме?

Әшімбаев, Абаев, Балаевалар – ығысып бара жатқандар