Молдалар мешітке келіңдер дегенше, Абайды оқысын

Malim Админ

  • 16.10.2020

Кеше Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 95-маусымын «Абайдың жұмбағы» спектакльінің премьерасымен ашты.  Сахналық нұсқасын жасаған: Б.Әбділманов, М.Омарова, режиссері: А.Оспанбаева.

Жаңа маусымның ашылуына орай арнайы баспасөз конференциясы өткен болатын. Театр директоры Е.Жуасбек, Қазақстанның халық артисі, театрдың көркемдік жетекшісі А.Әшімов, Қазақстанның Халық артисі, директордың кеңесшісі Е.Обаев, Әдебиет бөлімінің меңгерушісі М. Омарова, режиссер А.Оспанбаева қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

– Біз биылғы маусымды Абай әлемімен бастап отырмыз. Бүгін «Абайдың жұмбағы» атты спектакльдің премьерасы өтеді. Абай – ұлы дария. Әр режиссер, әр буын өзінің Абайын іздейді. Біздің театр ұжымы да Абай әлеміне үнемі зер салып келеді. Бүгін көретін спектакльдеріңіз соның бірі, – деді театр директоры.

Еркін Жуасбек алғашқы сөзді Асанәлі Әшімовке берді.  Халық әртісі Абайды сахналау өте қиын екенін айтып, молдаларға да тисе кетті.

– Журналистермен кездесу дәстүрге айналған. Олар біздің пропагандистер ғой. Директорымыз айтқан сөздерінің бәрін пресса арқылы көрерменге жеткізетін сіздерсіздер. Сондықтан сіздермен кездесу бізге аса ерекшелігі бар кездесу. Сондықтан сіздер боп, біздер боп, көрермен қауымға ойымызды жеткізіп жатсақ, сол біздің негізгі мақсатымыз. Негізгі мәселелерді директормыз айтып кетті. Көрерменнің сахнаны сағынғаны білініп тұр. Талай-талай қоңыраулар ауруға қарамастан шалынды. Көрерменсіз театр жоқ.

Сіздерден көп үміт күтеміз. Халықтың келуі, халықтың көруі сіздер арқылы іске асады. Қызу бір әңгімелер болуы керек. Бәріне бірдей ұнай беру мүмкін емес. Абайдың шығармаларын сахналау өте қиын. Өлеңдері, қара сөздерін режиссерларымыз, авторларымыз сахна тіліне айналдыру өте қиын. Сондай жағдаймен келген дүние ғой. Жидебайға тойға апарымыз деп пландағанбыз. Абай әруақытта сахнадан түспеу керек. Мен кейде айтамын, діни адамдарға, олар кейде астан кейін уағыз оқиды ғой. Сендер Абайдың қара сөздерін неге жаттап алмайсыңдар? Соны неге айтпайсыңдар халыққа? Қайдағы бір ұрлықты, мешітке келіңдер, садақа беріңдер, Алла тағалам деп бірнәрсені айтасыңдар. Оның бәрін білеміз, ел біледі. Абайдың қара сөздерін жатқа айтса, білімділігін көрсете, оқығанын көрсетеді. Біздің мақсатымыз жұмысымызды халыққа жеткізу», – деді Халық әртісі.

Байланысты жаналықтар

Театрланған көріністер түбімізге жетеді

14.03.2020

Әбдіхалықов "бал айында жүр", Райымқұлова "құттықтайды"

15.02.2020

Ақтотының басқа қыздар сияқты сұғанақтығы жоқ

20.11.2020

Райымқұловадан көңілі қалғандар Тоқаевтан қолдау күтеді

14.02.2020

Оразхан Кенебаев: «Мәдениетті насихаттау – ұлтты сақтау»

06.04.2021

Әкемтеатрдың жаңа маусымы "Абайдың жұмбағымен" басталады

14.10.2020
MalimBlocks
Театрланған көріністер түбімізге жетеді

Әбдіхалықов "бал айында жүр", Райымқұлова "құттықтайды"

Ақтотының басқа қыздар сияқты сұғанақтығы жоқ

Райымқұловадан көңілі қалғандар Тоқаевтан қолдау күтеді

Оразхан Кенебаев: «Мәдениетті насихаттау – ұлтты сақтау»

Әкемтеатрдың жаңа маусымы "Абайдың жұмбағымен" басталады