Әкемтеатрдың жаңа маусымы "Абайдың жұмбағымен" басталады

Malim Админ

  • 14.10.2020

Ертең Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық  драма театры өзінің  95-маусымын ашады.

Маусым шымылдығы «Абайдың жұмбағы» қойылымының   премьерасымен ашылмақ. Сахналық нұсқасын жасаған – Болат Әбділманов, Мадина Омарова. Қоюшы режиссері – Аридаш Оспанбаева. Қоюшы суретші  – Мұрат  Сапаров..

Абай – тұтас бір әлем, әлі толық игеріліп болмаған ғарыш. Абай жұмбағын шешуге ұмтылу – оның өмірлік-өнерлік баянын зерделеп байқауға деген ұмтылыс. Ұлы ақынның өзінің әлеуметтік ортасынан ерекшеленуінің, адам атты ұлы құбылысты зерттеу-тану жолында «толық адам» ілімін ашуының, осылайша Хакімдік деңгейге жетуінің жұмбағы неде? Бұл күрделі сауалдарға Абайдың өз шығармашылығына және М.Әуезовтің атақты «Абай жолы» эпопеясының оқиғаларына сүйене отырып, өз тарапынан жауап іздейтін қойылым көрерменін де осы бір күрделі сауал төңірегінде ойсеріктестікке шақырады.

Жаңа маусымның ашылуы  күні өтетін шаралар:

Сағат 17.00- де  Баспасөз конференциясы.

Сағат 18.00-де  Көрермендер мен қонақтарға арнайы театр тарихынан сыр шертетін көрме (2- қабатта) қойылады.

Сағат 18.30 –да  «Абайдың  жұмбағы» спектаклінің премьерасы. 

Сондай-ақ, 21 қазан күні Абайдың "Қара сөздерінің" желісімен жазылған «Қара» қойылымының премьерасы болады.  

Байланысты жаналықтар

"Абайдың жұмбағы"

29.12.2024

«Әйелдердің айтқанынан шыға алмайды»: Болат Әбділманов ер адамдарға үндеу жасады

20.11.2024

МАДИНА ОМАРОВА. МЕНІҢ ҚАҺАРМАН ШӨБЕРЕМ

10.06.2021

Оразхан Кенебаев: «Мәдениетті насихаттау – ұлтты сақтау»

06.04.2021

Болат Әбділмановтың Абайы Абай емес

08.01.2021

Ақтотының басқа қыздар сияқты сұғанақтығы жоқ

20.11.2020
MalimBlocks
"Абайдың жұмбағы"

«Әйелдердің айтқанынан шыға алмайды»: Болат Әбділманов ер адамдарға үндеу жасады

Танымал актер «Жезтырнақ» фильмінің идеясын сынады

МАДИНА ОМАРОВА. МЕНІҢ ҚАҺАРМАН ШӨБЕРЕМ

Әңгіме-монолог

Оразхан Кенебаев: «Мәдениетті насихаттау – ұлтты сақтау»

Болат Әбділмановтың Абайы Абай емес

Ақтотының басқа қыздар сияқты сұғанақтығы жоқ