Үржарда полицейлер қызметтерінен жаппай қуылды

  • 20.10.2020
  • Malim Админ

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полковнигі Сағат МӘДИЕВТІҢ бұйрығымен Үржар аудандық полиция бөлімі басшысы Мейрамбек ЖАҚЫПЖАНОВ және оның орынбасары Б. Дайрабаев қызметінен кетті. Сондай-ақ тағы жеті полиция қызметкері жұмыстарынан қуылды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

16 қазан күні Қаратұма ауылының тұрғыны Азамат ОРАЗАЛЫНЫ полицейлер ішкі істер бөліміне алып кетеді. Азаматтан мал ұрлығына қатысты сұрақ-жауап алмақшы болады. Алайда, отыз үш жастағы азамат полиция бөлімінде көз жұмған. Марқұмның туған-туыстары, ауылдастары полиция бөліміне барған. Марқұмнан жауап алған тергеушілерді іздегенімен оларды таппай қалады.

«Бір отбасының азаматы аман-сау үйінен полиция бөліміне барып сол жерде өліп қалды. Бұл естіген жанды шошытады ғой. Полиция қоғамның тыныштығын, біздің қылмыскерлерден қорғайтын адамдар емес пе? Ел іші гу-гу әңгіме. Марқұмның артында бала-шағасы қалды. Соларға обал», - дейді Үржар ауданының тұрғыны Талғат ЕЛЕМЕСОВ МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

Марқұм Азамат Оразалының полиция бөліміне жеткізілгенін және сол жерде қайтыс болғанын ШҚО полиция департаменті басшылығы да растады. Қазір полиция қызметкерлерінің үстінен «қинау» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетіпті.

«Қажетті сараптамалар, оның ішінде паталогоанатомиялық зерттеулер өткізілді, әзірге сараптама нәтижелері дайын емес.Қайтыс болған азаматтың отбасына Үржар ауданының әкімімен бірге барып, оның туыстары мен достарының уәждерін тыңдадым, оның барлығы қаралуда.Мен жақын туыстары мен достарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.Кінәлі адамдар заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылады.Менің принциптік ұстанымым – тергеудің әділ, әрі объективті жүргізілуі», - мәлімдеді полковник Сағат Мәдиев.

Фото: express-k.kz

Байланысты жаналықтар

Симптомсыздарды неге бөлек есептейді?

08.06.2020

«Болванка» салығы не үшін қажет?

04.03.2020

ШЫМКЕНТТІК АРЛИ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

14.05.2021

Ақша ұрлаған пошта қызметкері

05.08.2020

Вирус: Ауру белгісі жоқ науқастар неге көбейіп жатыр?

08.06.2020

Депутат: Жемқорлыққа қарсы қызмет әкімге пара бергізбек болды

15.05.2020