ЖСДП сайлауға қатыса ма?

Олжас Қасым

  • 21.10.2020

Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы алдағы мәжіліс сайлауына байкот жариялауы мүмкін. Егер сайлаушылардың конституциялық құқығы сақталмаса. Бұл туралы партия төрағасының орынбасары Тазабек СӘМБЕТБАЙ МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне хабарлады.

«Мәжіліс пен мәслихат сайлауы онлайн өтуі де мүмкін. Біраз өз басым бұған қарсымын. Өйткені бұл азаматтардың конституциялық құқығын бұзады. Олардың жеке мәліметтері жария болады және анонимность принцепіне қарсы. Әрине, ондай жүйе еуропада бар. Бірақ біз олармен өзімізді салыстыра алмаймыз. Және егер онлайн сайлау өтетін болса ол жерде заңсыздықтар орын алады», - деді Тазабек Сәмбетбай.

ЖСДП былтыр 2019 жылы өткен президенттік сайлаудан тыс қалды. 2016 жылғы парламент сайлауында 1,18 % дауыс иеленді. Бірақ сол кездегі партия жетекшісі Жармахан ТҰЯҚБАЙ сайлау қортындысымен келіспейтінін мәлімдеген еді. Содан бері жетекшісі екі рет ауысқан саяси ұйым алдағы сайлауға қатысуға ықыласты.

«Қазір сайлауға қатысты төрағамыз Асхат РАХЫМЖАНОВТЫҢ мәлімдемесі әзірленіп жатыр. Біздің партия сайлауға қатысады деген сенімдемін. Бұған дейін де партия ішінде талай талқылағанбыз. Қатысуға дайынбыз. Алайда саясатта бәрі болу мүмкін. Байкот жариялауымыз да мүмкін», - дейді Тазабек Сәмбетбай.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ бүгін мәжіліс сайлауының 2021 жылдың 10-қаңтар күні өтетінін мәлімдеді. Мәжіліс сайлау партиялық өтеді. Бұл жолы мәслихат сайлауы да алғаш рет партиялық жүйемен өтетін болады.

Фото: Азаттық радиосы 

Байланысты жаналықтар

Жаслан Мәдиев Бағдат Мусиннің орнын алмастарды

06.05.2024

10 мамырда Алматыда Әзербайжан – Армения келіссөздері өтеді

06.05.2024

«Ерлік майданда ғана жасалмайды»: Тоқаев мереке қарсаңында марапаттар тапсырды

06.05.2024

Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

04.05.2024

Қазақстанда заманауи газ өңдеу өнеркәсібі құрылады

03.05.2024

Президентке әскери ұшақтар мен тікұшақтардың жаңа үлгілері таныстырылды

03.05.2024
MalimBlocks
Жаслан Мәдиев Бағдат Мусиннің орнын алмастарды

Ол 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

10 мамырда Алматыда Әзербайжан – Армения келіссөздері өтеді

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ерлік майданда ғана жасалмайды»: Тоқаев мереке қарсаңында марапаттар тапсырды

Президент ардагерлерге мерекеге орай жыл сайын қосымша төлемақы берілетінін, ал биыл оның көлемі үш миллион теңгеге дейін өскенін жеткізді.

Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстанда заманауи газ өңдеу өнеркәсібі құрылады

Энергетика министрлігіне газ саласының табыстылығын әрі қарай арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Президентке әскери ұшақтар мен тікұшақтардың жаңа үлгілері таныстырылды

Тоқаев авиабазадағы бірқатар инфрақұрылымдық нысанды аралап көрді.