Тағы бір әйел әкім болды

Malim Админ

  • 26.10.2020

Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі болып Гүлнәр Көкебаева тағайындалды. Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс отырысы әкім тағайындауға арналған.

"2020 жылғы 26 қазанда Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың қатысуымен VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LXIХ сессиясы қашықтық режимде өтті. Сессия барысында «Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі лауазымына кандидатураны келісу туралы» мәселе қарастырылды.

Алматы қаласының мәслихаты Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі лауазымына Гүлнара Ахметжанқызы Көкебаеваның кандидатурасына келісім берді" деп жазылған хабарламада.

Гүлнара Көкебаева 1974 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 1998 жылы заңгер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заңгерлік университетін, 2019 жылы іскерлік әкімшілік шебері мамандығы бойынша М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Алматы облысы юстиция басқармасы кадр жұмысы бойынша аға маман-консультант қызыметінен бастаған.

Әр жылдары ҚР ӘМ Тіркеу қызметі комитетінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, Алматы қаласы Әділет басқармасының АХАЖ бөлімінің бастығы, заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бастығы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары, басшысы болып лауазымды қызметтерін атқарған.

2020 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

Бұрын Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов еді. Ол қазір қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың орынбасары.

 

Байланысты жаналықтар

Мешітке отыз адамнан артық кіруге болмайды

12.06.2020

Алматы сары жолаққа енді

08.12.2020

Сағынтаев: Алматыда пневмония індеті жүріп жатыр

03.07.2020

Мамин Сағынтаевқа аурухана сыйлады

01.10.2020

Сағынтаев мырза, 260 мың парацетамол кімге жетеді?

08.07.2020

Індеттегі фестиваль: Сағынтаевтың сөзін құлақтарына қыстырмапты

01.06.2020
MalimBlocks
Мешітке отыз адамнан артық кіруге болмайды

Алматы сары жолаққа енді

Сағынтаев: Алматыда пневмония індеті жүріп жатыр

Мамин Сағынтаевқа аурухана сыйлады

Сағынтаев мырза, 260 мың парацетамол кімге жетеді?

Індеттегі фестиваль: Сағынтаевтың сөзін құлақтарына қыстырмапты