Мамин орындалмас уәдесін берді

Malim Админ

  • 27.10.2020

"2025 жылға қарай халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу мәселесін толығымен шешіледі", - деді Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин. Халық бұндай уәделерге әбден тойған. Бірақ ештеңе етпейді. Уәдесін бере берсін. 2025 жылға дейін төрт жыл ғана қалды. Маминнің бұл уәдесін сусыз отырған ел ешқашан ұмытпайды. Орындалғанын көреміз.

«Сумен жабдықтау және су бұру мәселелері Үкіметтің стратегиялық міндеті және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді. Жалпы елде орталықтандырылған сумен жабдықтау қалаларда 97,2, ауылдарда 86,4 пайыз. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай халықтың 100 пайыз сумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етіледі. Осының арқасында біз халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу мәселесін толығымен шешеміз«, - деді Асқар Мамин.

Сумен жабдықтау мәселесінің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, әр әкімдіктің елді мекендерге, әсіресе, тұрғындары аз ауылдарға тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспарлары болу керек екен. "Осы мәселедегі маңызды фактор топтық су құбырларының инфрақұрылымын жасау және ауылдардың шекарасына дейін жеткізу керек. Бұл жұмыс желілерді елдімекендердің ішінде тартумен үйлесімді жүруі қажет. Жауапты министрліктер мен әкімдіктер, бірінші кезекте, артта қалған өңірлер осы мәселені ерекше бақылауда ұстасын", - деді Мамин.

Бірақ біздің министрліктер бір мәселені бақылауда ұстаудан үнемі жалтарып отырады. Кеше ғана газдың тартылуына біз жауапты емеспіз деген Атамқұлов бүгін ауыз судың тартылуына жауапты бола қалыпты.

Біз бір кездері дамыған елу елдің қатарына кірмек болғанбыз. Оны да мерзімінен бұрын орындап, отыздыққа ұмтылып барады екенбіз.

Бізге бір кездері бүкіл елде интернет жақсы болады деген...

Бізге бір кездері 2020 жылы бәрі жеткілікті болады деген...

Бізге... бізге... көп нәрсе айтылған...

Ал 2025 жылы Асқар Мамин қандай қызметте болады. Оны да Құдай біледі. Ол кезде жауапкершілік те басқа адамда болмақ...

Байланысты жаналықтар

Мамин Есімовті қызметінен босатты

29.03.2021

А.Мамин: «Негізгі міндет­- азаматтарды жұмыспен қамту»

18.08.2020

"СҚ-Фармацияны" Мәминнің бұрынғы кеңесшісі басқарады

12.07.2020

Цой Маминға карантиндік шараларды тоқтатуды ұсынды

28.07.2020

Мамин Сапарбаевтың інісін жаңа қызметке тағайындады

02.04.2021

Патронсыз Қазақстан: 28 миллиардтық зауыт сатылатын болды

31.03.2021
MalimBlocks
Мамин Есімовті қызметінен босатты

А.Мамин: «Негізгі міндет­- азаматтарды жұмыспен қамту»

"СҚ-Фармацияны" Мәминнің бұрынғы кеңесшісі басқарады

Цой Маминға карантиндік шараларды тоқтатуды ұсынды

Мамин Сапарбаевтың інісін жаңа қызметке тағайындады

Патронсыз Қазақстан: 28 миллиардтық зауыт сатылатын болды